Connect with us

Моңғолияда

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ. Қабдыл Шәбіұлы туралы

Published

on

Ел дамуының әр кезеңінде халық тауқыметін арқалап, көштің басында, желдің өтінде жүрген азаматтарымыз аз емес. Замана да әр тұста өзіне қажетті ұл қыздарын өмірге әкеліп, сол дәуірдің қозғаушы күші болдырып отырғаны баршаға мәлім.

Себебі марғасқалардың тұтас бір кезеңнің келбетін айқындап, қоғамды алға сүйреген, дамысын жеделдеткен өмір жолын, елге сіңірген ерен еңбегін пайымдай келе оларды замана талабымен туған деген ойға еріксіз келеміз. Міне, осындай тау тұлғаларымыздың бірі – Жәнтекей-Тайлақ рулы Қабдыл Шәбіұлы еді.

Қабаң өзінің іскерлігі мен қабылетінің арқасында ел басқару ісінің өнегелі үлгісі, биік шыңы болып тарихта қалды. Ол басқару саласында «ең, ең» деген жоғарғы рекордтарға ие. Мәселен, 1955 жылдан бастап Баян-Өлгий, Қобда, Хэнтий, Увс,  Хөвсгөл аймақтарының басшысы қызметін 24 жыл бойы үздіксіз атқарып,  еліміз тарихында жергілікті жерді басқару қызметін ең көп атқарған тұлға, жалғыз қазақ ретінде тарихта қалды. Сонымен қатар, қай өлкенің жұмысы жүрмей тұралап тұрса, сол жерге жіберілетін, өзіне сеніп тапсырылған өкіметтік шаруаны шырқ үйіріп, аяғынан тік тұрғызатын іскерлік қасиетін кезінде Ю.Цэдэнбал да аса жоғары бағалап, «біздің өрт сөндірушіміз» деп көтермелеуі – Қабаңның тұғыры биік, өресі кең тұлға екенін айқындайды.

Қабдыл Шәбіұлы 1923 жылы қазіргі Шыңжан-Ұйғыр автономиялық районының Алтай аймағы, Қызылтас өлкесінде дүниеге келіпті. Қаршадайынан әкеден жетім қалған ол қарт әжесі, анасы, інісімен бірге 6 жасында аймағымыздың қазіргі Аққөл өлкесіне қоныс аударады. Бар болғаны 9 жасынан Ақкөл жалғастыру базасында еңбек етіп, нәпақа таба бастайды. Тағдыр тауқыметін кеше жүріп өз бетімен хат танып, 1943 жылы есепші қызметіне тағайындалады.

Қабаңның іскерлік қабылеті жас кезінен көзге түсіп, 1945 жылы аймақтық Партия комитеті жалындаған жасты Моңғол Халық Революциялық жастар комитетіне нұсқаушы, екі жылдан кейін Дене шанақтыру басқармасының басшысы етіп тағайындайды. Ал, 1948 жылы МХРП-на мүшелікке ілесіп, іле шала аймақтық Революциялық Жастар одағының бірінші хатшысы лауазымына көтеріледі. Осылайша өзінің алғырлығы, зейінділігінің арқасында ерте ер жетіп, 1952 жылы Мәскеу қаласындағы Комсомолдар орта мектебіне оқуға жіберіледі.

Мәскеуде 1 жылдай болып оқуын тәмамдап келген Қабаң Орталық партия комитетінің қаулысы бойынша Увс аймағының Революциялық жастар одағының бірінші хатшысына, 1953 жылы партияның Саяси бюросының шешімімен Баян-Өлгий аймағының Халық депутаттар хуралы атқару әкімшілігінің башысы лауазымына тағайындалып, 1959 жылға дейін жұмыстайды. Осылайша ол кісінің ұзақ жылдық басшылық қызметіне жол ашылады.

1959 жылы наурыз айының 8-і күні Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының Орталық комитеті жанындағы Партия жоғары мектебіне оқуға түсіп, 1962 жылы оқу орнын үздік үлгеріммен тәмамдайды. Жоғары білім игеріп келген жас маман сол жылдан Хэнтий аймағы атқару әкімшілігінің басшысы, 1964 жылы Увс аймағының Партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965 жылдан 1976 жылға дейін Қобда аймағының, 1976-1979 жылдары Хөвсгөл аймағы атқару комитетінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

Ол кісінің іскерлігі мен қандай да бір мәселені созбақтап соз бұйдаға салмай дер кезінде шешіп отыратын басты ерекшелігін Сарай Асқанбайұлы өз естелігінде:  «Қабаң басқарған жылдарда аймақтың ісі оңалып, ілгері басып тұрды. Аймақтың жауаптылары ол кісіні «Автомат Қабдыл» деп атап жүрді. Өйткені, іске жауапты, әрі шешімді азамат еді. Қандай шаруаны да тез шешетін. Сондықтан да ел солай айтқан болу керек. Мен аймақ әкіміне 1970 жылдың аяғында тағайындалдым. Үкімет жері маған «Қабаңа барып кеңес ал» деді. Мен Қобдада Қабаңның кеңсесінде 3 күн отырып, анда-мұнда барып шаруасымен танысып, көп үйреніп қайттым» деп аса жоғары бағалайды.

Қабдыл Шәбіұлы алғаш Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалғанда аймақ бойынша 12 бірлестік, 443 мүше, бар болған 14 мың басты ортақ мал болыпты. Әрі аталған бірлестіктер нығайып, аяғынан тұрмаған, халық бірлесіп еңбек етудің мән-маңызын толық түсіне бермеген, малшылар бірлестікке кіруден гөрі жалтарып қалыс қалуды көздейтін аумалы-төкпелі кезең болса керек. Осындай қиын-қыстау шақта аймақ тізгінін ұстаған Қабаң өкімет пен халық көпшіліктің қолдауына сүйеніп, аймақ бойынша бірлестіктендіру қозғалысын өрбітіп, маманды кадрлармен қамтамасыз ету, малшыларға ортақ шаруашылықтың маңызын түсіндіру жұмыстарын пәрменді ұйымдастырады. Нәтижесінде 1959 жылы Қабаң жұмысын өткерерде аймағымыз бойынша 35 бірлестік құрылып, ортақ дәулеттің жалпы сомасы 2 есеге ұлғайып 7,6 миллион төгрөгке жеткен екен. Сонымен қатар, себетті қаша, қора салу жұмысын тиімді ұйымдастырғанның нәтижесінде бірлестіктердегі барлық ұсақ малдың 98 пайызы, ірі қараның 92 пайызы жылы орынжайлы болдырылады.

Қабаңның өзге аймақтарда атқарған жұмыстары да жемісін беріп, мал басы өскен, құрылыс, тете құрылым, өнер, білім беру, мәдениет, т.б. салаларда айтулы табыстарға жеткенін сол кезде бірге жұмыстаған үзеңгілестері өз естеліктерінде мақтанышпен жазады.

1980 жылы денсаулығы сыр беріп, Мәскеу қаласында 2 айдай емделеді. Әрмен қарай жергілікті жерде ауыртпалығы көп жұмыс атқаруы қиынға түскен соң Хөвсгөл аймағының басшысы қызметінен босап, Улаанбаатар қаласында қоныс аударады. Ел астанасында Моңғол Халық Республикасының Министрлер кеңесінде ұйымдастырушы қызметін атқарып жүріп 1989 жылы дүниеден өтеді.

Сурет: Орталық стадионның ашылу рәсімі

Биыл қоғам қайраткері Қабдыл Шәбіұлының дүниеге келгеніне 95 жыл толып отыр. Аталмыш мерейтойға орай аймақтық АӨҚ-ы Басқармаларының қаулысымен Өлгий қаласының Орталық стадионына Қабдыл Шәбіұлының есімі берілді.

Өз өмір тарихын ұлан байтақ Моңғол даласына адал еңбегімен, ақыл парасат, іскерлігімен айшықтап жазып кеткен Қабаңның есімі ел есінде мәңгіге сақталары хақ. Әл талай естеліктер жазылып, жұмыс тәжірибесі зерттелері сөзсіз.

Елін сүйген асыл ердің арман мұраты, үлгі өнегесі жас ұрпаққа ой салып, намысына қамшы басып, шамшырақ болып жана бергей, ағайын.

Журналист Нұрболат Өнерханұлы.

 

Сайт сізге ұнаса “like” басуды ұмытпаңыз!

Моңғолияда

Тоқаев Моңғолияның жаңадан сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Published

on

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Моңғолия Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz.

“Ciздi Моңғолияның Президенті лауазымына сайлануыңызбен Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі және моңғол халқының өзіңізге артқан үлкен сенімі деп білемін. Осы ретте, еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге асатынына кәміл сенемін.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрмет пен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өpici кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігімізді дамытуда Сізбен бірге күш-жігер жұмсауға дайын екенімді нақтылаймын.” – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хүрэлсүхтің аса жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт тілеп, достас моңғол халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Continue Reading

Моңғолияда

Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолияның Президент сайлауында жеңіске жетті

Published

on

10 маусым, KAZNEWS. Моңғолияның бұрыңғы Премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх 9 маусымда өткен Президент сайлауында жеңіске жетіп, биліктегі Моңғол Халық партиясының билігін одан әрі нығайтты.

Моңғолия Президентінің сайлауына Моңғол Халық партиясынан атын ұсынған Ухнаагийн Хүрэлсүх 822923 дауыс (67.8%), «Дұрыс адам» элоктораты коалициясынан атын ұсынған Дангаасүрэнгийн Энхбат 246955 дауыс (20,3%), оппозициялық Демократия партиясынан атын ұсынған Содномзундуйн Эрдэнэ 72800 дауыс (6%) жинаған.

Кандидаттардың еш біріне белгі соқпаған 71 мың 921 қағаз тіркелген.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 1993 жылғы Моңғолия Президентінің алғашқы сайлауында П.Очирбат сайланған. Одан кейінгі 1997 жылғы және 2001 жылғы сайлауда Н.Багабанди, 2005 жылғы сайлауда Н.Энхбаяр, 2009 жылғы және 2013 жылғы сайлауда Ц.Элбэгдорж, 2017 жылғы сайлауда Х.Баттулга 4 жыл мерзімге сайланған болатын.

Ухнаагийн Хүрэлсүх Демократиялық сайлаумен сайланған Моңғолияның алтыншы президенті атанып отыр.

Моңғолия Конституциясына еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ел Президенті 6 жыл мерзімге сайланды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия 1 маусымнан бастап шекарасын ашты

Published

on

2 маусым, KAZNEWS. Моңғолия 1 маусымнан бастап шекарасын ашты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінің бастығы Ц.Чинзориг хабарлады.

Моңғолия 2021 жылдың 1 маусымынан бастап өз шекарасы ашты. Нәтижесінде ел азаматтары Түркия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Греция, Қырғызстан, Тайландия, Бразилия, Египет және Үндістан қатарлы оннан астам елге бара алады.

Әлемнің 110 -нан астам елі, соның ішінде Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге Еуропа елдері шекараларын жартылай немесе толық жауып, шетелдіктерге виза беруді тоқтатқан болатын.

Моңғолия азаматтары еркін саяхаттайтын елдер санын көбейту мақсатында Моңғолия Үкіметі тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинацияланған азаматтарға вакцина салдырғанын растайтын куәлік беріп, оны қуатты деп тану үшін Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Қазақстан Республикасы, Венгрия және өзге Еуропа елдерімен дипломатиялық келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда өткен тәулікте 927 адамнан коронавирус анықталды

Published

on

31 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда өткен тәулікте 927 адамнан коронавирус инфекциясы PCR арқылы анықталды, деп хабарлайды covid19.mohs.mn.

Аймақтар бойынша:

• Увс аймағында 12
• Орхон аймағында 8
• Баян-Өлгий аймағында 7
• Дархан аймағында 4
• Төв аймағында 41
• Хэнтий аймағында 2
• Сүхбаатар аймағында 7
• Архангай аймағында 2
• Булган аймағында 7
• Ховд аймағында 5 тіркелді.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 58439. Жазылып шыққандар 50436. Көз жұмғандар 276.

Ел бойынша вакцинация салдырғандар саны 1,226,823.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 days ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде2 days ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек1 week ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек2 weeks ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек4 weeks ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек4 weeks ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек4 weeks ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде2 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда