Connect with us

Әлемде

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Published

on

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі.

Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

   1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
бірлесу бостандығына құқық;
пікір білдіру бостандығына құқық;
адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;

   2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

  3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

   4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 9 маусым
№ 597

Advertisement


Әлемде

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Published

on

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында Венгрия, Таиландия және Моңғолия азаматтарының қолындағы вакциналау туралы паспорттың, сертификаттың, анықтаманың күші бар деп танылсын», делінген сенбіде жарияланған қаулыда.

Осылайша, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтағы департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан шекарасына кірген Венгрия, Таиландия мен Моңғолия азаматтарын еш кедергісіз өткізеді.

Алайда аталған мемлекеттерден келген азаматтардың қолында тиісті құжаты болуы керек.

Continue Reading

Әлемде

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

Published

on

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді.
Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.
Бұдан әрі министр журналистке берген сұхбатында Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың доза көлемінде шығарылғанын және қазірдің өзінде өңірлер бойынша таратылып жатқанын хабарлады.
«Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін – әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл – үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алексей Цой вакцинациядан кейін.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандықтың вакцинацияланғанын, сондықтан қарқын жақсы жүріп жатқанын, біздің міндетіміз – мүмкіндік беру, одан әрі біздің азаматтар вакцинацияның оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін өздері түсінетінін атап өтті.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

Continue Reading

Әлемде

СӘЛЕМ, ҚАНДАСТАР! ҰБТ-ҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Published

on

Барлық сұрақтар бойынша «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың қызметкерлері төменде көрсетілген кесте бойынша жеке жауап беретін болады:

Дүйсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.
Сейсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.
Сәрсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.

Байланыс үшін:
✅ 1404 (бүкіл қазақстандық оператордың қоңырауы тегін қабылданады);
✅ 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады);
✅ +7 7172 98 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады, шет елдерден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшерлемесі бойынша);
✅ +7 701 000 14 04 (WhatsApp және Telegram хабарламалары үшін);

Сондай-ақ, “Отандастар қоры” инстаграм парақшасында 3 КҮН тікелей эфирлер ұйымдастырылады. УАҚЫТЫ: 17.00 (Нұр-Сұлтан уақыты).

Сонымен қатар:
❗Тіркелу кезінде Сіз ҰБТ өткізілетін күнді, уақытты және орынды өзіңіз таңдайсыз.
❗15 сәуірден бастап ҰБТ-ның БІРІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелуге болады.
❗1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады.
❗Кез-келген күнді таңдауға болады, тіпті егер Сіз алғашқы тестілеуді әлі тапсырмаған болсаңыз да.
✅ Тестілеудің өзі: 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.
Барлық талапкерлерге Білім саласына қатысты ақпараттық телеграм каналға тіркелуді сұраймыз: https://t.me/otandastarbilim

Continue Reading

Әлемде

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Published

on

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің қатысуымен Академияның Мажарстан бағытында шығарған бірқатар кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп KazNews агенттігі Халықаралық Түркі академиясының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, аты аңызға айталған ғұн әміршісі Аттила туралы “The Lord of Europe Attila” (Еуропа әміршісі Атилла) атты ғылыми еңбек таныстырылды. Академияның қолдауымен ағылшын тілінде жарық көріп отырған аталған кітаптың авторым көрнекті ғалым, Мажарстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Борбала Обрушански.

Сонымен қатар, жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Ұлы дала жыршысының 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көр іп отырған «Жамбыл жырлары – Dzsambul muvei» жинағы қазақ-мажар тілдерінде салыстырмалы тәртіппен берілген өлеңдермен қатар, мазмұнды зерттеу мақалаларды да қамтыған. Жинақты құрастырып, баспаға әзірлеуге Хинаят Бабақұмар, Такач Ибойа сынды ғалымдар атсалысты.

Бұған қоса, Халықаралық Түркі академиясы мен Түркі кеңесінің Будапешттегі өкілдігі бірлесіп әзірлеген әйгілі мажар саяхатшысы, мажар түркологиясының негізін қалаушылардың бірі Армин Вамбери туралы «Түркі дүниесінің мажар ғалымы» атты жаңа еңбек оқырманға жол тартты. Тарихи фотосуреттермен көркемделген шағын кітап Армин Вамберидің өмірі мен еңбек жолы туралы қазақ, ағылшын тілдерінде сыр шертеді.

Сондай-ақ жуықта жарық көрген көрнекті түрколог Иштван Қоңыр Мандокидің «Үзілмес тамырлар» атты ғылыми еңбегі мен «Мандоки Қоңыр Иштван библиографиясы» атты кітаптар да көпшілік назарына ұсынылды.

Академиясының мажар бағытында жарық көрген еңбектерінің таныстырылымына Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфай, сонымен қатар Мажарстан делегациясы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу аясында Армин Вамберидің өмірі мен еңбек жолына арналған «Түркі дүниесінің мажар ғалымы» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Петер Сийярто бастаған мажар делегациясы Түркі академиясы кітапханасының құнды қолжазбалар және Қоңыр Мандоки қорымен танысты. Өз кезегінде мәртебелі мейман кітапхана қорына мажар тіліндегі бағалы басылымдарды тарту етті.

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өз сөзінде алқалы жиынның көрнекті түрколог Қоңыр Мандоки атындағы кітапханада өтуінің символикалық мәні зор екенін атап өтті. Академия басшысы Мажарстан бағытында жүзеге асып жатқан жобалармен таныстыра келіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Петер Сийярто тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын арттыруда Академия атқарып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, тараптар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты одан ары дамытып, келешекте бірлескен жобалар жүргізуге уағдаласты.

Айта кету керек, 2017 жылы Мажарстан Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алып, Түркі әлемінің ынтымақтастық институттары арасында осы мәртебені иеленген алғашқы ұйым болды.

Академия Мажарстан мен Түркі әлемі ықпалдастығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Немет Дьюла, Дьёрд Алмаши, Қоңыр Мандоки сынды мажар түркологтарының мирасы мен тағылымына қатысты ғылыми жобаларды қолға алып, бірқатар еңбектерді жарыққа шығарды.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 months ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде2 months ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек2 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек2 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек3 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек3 months ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек3 months ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде3 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда