Connect with us

Қазақстан және әлемде

«Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның VII отырысы өтті

Published

on

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссияның VII отырысы өтті. Бұл туралы «Отандастар қоры» КеАҚ Баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылы 15 қазан сағат 15:00-де «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаржаубай Сартқожа, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Нұртөре Жүсіп, ҚР Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, белгілі қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және т.б. қатысты.

Аталған іс-шара күн тәртібінде «Қандастардың ҰБТ тапсыру механизмін оңтайландыру немесе ҰБТ-дан басқа да альтернативті жолдарды ұсыну», «Қазақстандағы репатрианттардың қос азаматтығы мәселесі туралы», «Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау мәселелері: әлемдік озық үлгі және қазақстандық тәжірибе», «Солтүстік Қазақстан облысында қандастарды орналастырудың өзекті мәселелері», «Азаматтық алған қандастардың шет елдегі еңбек өтілдерін есепке алу» (зейнетақы мәселесі), және т.б. мәселелер көтерілді.

Қоғамдық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрлігіне қандастардың Қазақстандағы оқу орындарына түсуін, Сыртқы істер министрлігіне Қазақстандағы репатрианттардың қос азаматтық мәселесін шешу жолдарын қарастыру, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдауды күшейту және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп азаматтық алған қандастардың шет елдегі еңбек өтілдерін есепке алу, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Солтүстік Қазақстан облысында қандастарды орналастырудың ауқымды жұмыстарын жан-жақты және толық ақпараттандыру бойынша қолдауды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары бойынша тұрып жатқан қандастардың тұру мерзімін ұзарту, шеттен келген қандастарымызды тұрақты тіркеу, азаматтық алған қандастардың азаматтық алмаған отбасы мүшелерімен бірге тұру мәселелері бойынша тиісті құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар жолданды.

Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын барлық өңірлерде ашу мәселесін өзектендіру – ҚР Үкіметі жанындағы Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қарауына жіберіледі.

Advertisement


Қазақстан және әлемде

Тұңғыш Президент күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қандастар құттықтау жолдады

Published

on

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қандастар құттықтау жолдады, – деп хабарлайды Kaznews.mn «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаттықтың алғашқы алаң-елең шағында Елбасы «Дүниежүзіндегі қазақтардың бір ғана Отаны бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Әлемдегі әр қазақ өз елінде тұрып, сол мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін қызмет етуі керек!» деген батыл бастама көтеріп, шеттегі қандастарды атамекеніне оралуға үндеген болатын. Егемендіктің 30 жылында шартарапқа шашыраған иісі қазақты бір шаңырақ астына біріктіру мақсатында атқарылған ауқымды істер нәтижесінде 1 миллион 100 мыңға жуық қандасымыз аңсаған атажұртына оралып, тарихи Отанымен қайта қауышты. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы «Отандастар Қоры» КЕАҚ құрылып, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен» бірлесе қандастарды ортаға бейімдеу, ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі бауырластармен мәдени-іскерлік байланыстарды барынша дамыту бағытында кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Бүгінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген қарымды қандастарымыз қалың қазақтың қарасын көбейтіп, халық санының артуына да айрықша үлес қосты. «Отандастар қоры» КЕАҚ қандастарымыз жолдаған құттықтау хатты Елбасына жолдады. Қоғамның әр өңірдегі фронт-кеңселері мен орталық аппаратына қандастарымыз жолдаған құттықтау хаттар мен бейнежазбалар легі әлі тоқтаған жоқ. Алыстан келген ағайын «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Қазіргі уақытта Қоғамның әлеуметтік желідегі парақшаларына келген құттықтаулар жарияланып, барша қандастар қауымы атынан оң пікір қалыптасты. «Әр қазақ – менің жалғызым!» деген отаншыл рухты оятып, ел мен жерді, ұлт пен жұртты жұмылдырған көшбасшы еңбегіне қандастар ризашылық білдіреді.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Қазақстандағы жеке көлігі бар Моңғолия азаматтары назарына

Published

on

11 қараша, KAZNEWS. Ресей Федерациясы арқылы Қазақстаннан Моңғолияға жеке көліктері арқылы келушілер үшін Ресейге кіруге рұқсат алуға дайындық жұмыстары жүріліп жатыр. Бұл туралы Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондықтан Қазақстандағы жеке көлігі бар Моңғолия азаматтарын келесі сауалнамаға белсенді түрде қатысуға шақырады. 

Төменгі сілтемеге өтіп сауалнама толтырыңыз.

https://forms.gle/9N7egyBpkgaEp48i6 

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Моңғолия Елшісі Д.Баярхүү сенім грамотасының көшірмесін табыс етті

Published

on

Моңғолияның Қазақстандағы жаңа елшісі Доржийн Баярхүү сенім грамотасының көшірмесін осы елдің сыртқы Істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышевке табыс етті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, БҰҰ, АӨСШК және т.б. сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады. Тараптар ағымдағы жылы екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының оң динамикасын атап өтті.

Д.Баярхүү Қазақстан тарапына АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 6-шы отырысын және Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэгтің 2021 жылғы 11-14 қазанда ҚР-ға ресми сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Ш.Нұрышев моңғол дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оған екі ел арасындағы байланыстарды дамыту жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Оқушылар шығармашылық байқауда топ жарды

Published

on

«Отандастар Қорының» ұйымдастыруымен шетелдегі отандастарымызға онлайн және офлайн форматта қазақ тілі курстары жүргізіледі.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз ана тілімізді үйренуге ниетті. Жастармен мектеп оқушылары арасында тіліміздің, мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің сақталуы үшін балалар арасында да әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Жыл сайын дәстүрге айналған «Шығармашылық байқауды» айырықша атап өтуге болады. Биыл жарияланған байқау шартына сәйкес ұлтымыздың 50 ақынының бірінің өлеңін таңдап, бейнежазба түсіріп, Instagram желісіне #Otandastarqazaqpoeziasy хэштегін белгілеп салу міндеттелді.

Осылайша, қазақ поэзиясын әлемге таныту мақсатында өткізілген конкурс нәтижесінде шетелдегі жас жеткіншектерімізге ақындар шығармашылығымен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік туды.

Бүгінде байқауға қатысуға 280 адам тіркеліп, 175 отандасымыз әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазбаларын жүктеді. Сайысқа қатысуышлардың басым көпшілігі Абай Құнанбайұлы, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сынды ақындардың өлеңдерін оқыды. Жүзден жүйірік шыққан жеңімпаздар Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Өзбекстан Республикасы мен Моңғолия елінен анықталды.

Қатарынан оза шауып, мәреге алдымен жеткен оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек5 days ago

Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы туралы не білеміз?

03 желтоқсан, KAZNEWS. Ақын, жазушы, аудармашы Жамлиқа Шалұлы 1939 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Тұлба сұмынында өмірге келген. Жары Назира Нұрғалиқызымен...

Дерек1 week ago

Жолдау-2100: Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Ғылым, технология университетінен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенті Дәрігерұлы Бағдаулет енді...

Дерек2 weeks ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойы тойланды

25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерей тойы тойланды. Салтанатты рәсімді Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек...

Дерек2 weeks ago

Америка мен өзге державалар мұнай бағасын түсіру үшін күш біріктіріп жатыр

25 қараша, KAZNEWS. Дүниенің алып экономикалары әлемді қымбатшылық қысқан шақта ОПЕК+ альянсын өндірісті қысқартуға көндіре алмады. Бұл жөнінде мақала Inbusiness.kz...

Дерек2 weeks ago

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

2021 жылы 23 қараша Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар...

Дерек3 weeks ago

Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар» романы туралы

17 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағы сыйлығының иегері, Мемлекет, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар»...

Дерек3 weeks ago

Tapsir.com платформасы қәзіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие

15 қараша, KAZNEWS. Жәнібекұлы Тәпсір моңғолияда компанияларды басқаруға арналған веб-бағларламаны жасап шықты. Tapsir.com деп аталатын платформасы қәзіргі қоғамда сұранысқа ие...

Дерек4 weeks ago

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов құттықтау жолдады

12 қараша, KAZNEWS. «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» мүшесі, Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат...

Басты назарда