Хурц арслан атағы Ұлықпанұлы Берекеге берілді

2017 Жыл 07 айдың 17 күні

KAZNEWS - Халық революциясының 96 жылдығы, Баян-Өлгий аймағы орнауының 77 жылдығы, Моңғолияның Ұлттық мерекесіне арналған күресте Цэнгэл сұмынының тумасы Ұлықпанұлы Береке қарсыластарын ұтып бірінші орынға ие болды.

Екінші орынды Алтай сұмынының тумасы Сайнбилэгийн Батүүл иеленді.

 

Естеріңізге салсақ, өткен жылғы мерекеде Ұ.Береке бірінші орынға ие болып, аймақтық арыстан атағына ие болған болатын.

Моңғол күресінің ережесі бойынша екінші рет аймақтық тойда бірінші орыннан көрінген палуанға аймақтық «хурц арслан» атағы беріледі. Ережеге сай Ұ.Береке моңғол күресінен аймақтық  «хурц арслан» атанды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0