Серік Бердімұратұлы мемлекеттік атақ үшін белдеседі

2017 Жыл 07 айдың 12 күні

Халық революциясының 96 жылдығы Моңғолияның Ұлттық мерекесі тойланып жатыр. Мереке аясында жүріліп жатқан күрестен бесінші кезең басталды.

Мемлекеттік мерекеде мемлекеттік атақ үшін аймақтық шеңі бар сегіз палуан белдеседі.

Атап айтсақ, Д.Тамир(Булган), Б.Хишигбаатар (Говь-Алтай), О.Хангай (Ховд), Серік Бердімұратұлы (Баян-Өлгий), Г.Ганжад (Төв), Б.Бат-Эрдэнэ (Булган), М.Бадарч, Ж.Дагва-Очир (Архангай)  қатарлы палуандар төртінші кезеңнен өткен. 

Серік Бердімұратұлының бесінші кезеңдегі белдесетін жұбы мемлекеттік харцага Т.Баасанхүү болмақ.

Палуандар бесінші кезеңнен сәтті өтсе "мемлекеттік лашын" атағына ие болады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0