Баян-Өлгийліктер қоқысты сыйлыққа айырбастады

2017 Жыл 07 айдың 12 күні

KAZNEWS - 11 шілде күні Өлгий қаласының орталық стадионы мен балалар паркінде мереке кезіндегі қоқысты тазалауға арналған «Бір қоқысты – бір тәттіге айырбастау» атты акция өтті. Бұл туралы KazNews.mn хабарлап отыр.

Аталған акцияны Дэлхийн зөн халықаралық ұйымының қолдауымен Моңғолия Ұлттық университетінде оқитын студенттердің «Білім» клубы ұйымдастырды.

Мақсаты – тойшы қауымның мәдениетін арттыру, жастарды белсенді болуға үндеу. Тазалық қоқысты тастамаудан басталатынын мерекеге жиналған халыққа түсіндіру. Қоқысты отырған жерінде емес қоқыс жәшігіне салуға үйрету болды.

Акцияға қатысушылар арнаулы жәшікке қоқыстарын тастап тәттіге айырбастап жатты. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0