НААДАМ: Күрестен 1 – күннің нәтижесі

2017 Жыл 07 айдың 12 күні

KAZNEWS - Моңғолияның ұлттық мерекесі ел көлемінде тойланып жатыр. Күрессіз тойдың сәні кем.

Бүгін, күрес түрінен 1-5 кезең аяқталып, аймақтық «начин» яғни «лашын» атағына ие болған азаматтардың есімі белгілі болды. Олар Тұлба сұмындық заан (піл) Т.Жарқын, Буянт сұмындық заан А.Айбек, Ногооннуур сұмындық жас палуан Д.Гантөмөр болды.

Ертеңгі бағдарлама бойынша күрестің шешуші кезеңі өтеді. 6 кезеңде У.Береке (аймақтық арслан - арыстан), М.Аманбек (аймақтық заан - піл), Б.Төмөрбаатар (аймақтық харцага - қаршыға), Ш.Сапар, С.Батүүл (аймақтық начин - лашын), сұмындық заан Т.Жарқын, А.Айбек, жас палуан Д.Гантөмөр қатарлы палуандар белдеседі. Ертең, 7 және 8 кезеңге кімнің білікті ұлы қарсыласын жығып, тұғырға көтерілетінін баршамыз тамашалайтын боламыз.

Ал, Улаанбаатар қаласында өтіп жатқан мемлекеттік тойда күш сынап жатқан жерлестеріміз Б.Серік пен М.Еркебуландар үшінші кезеңге өтті.

 


Моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда өтеді. Табаны мен білезікке дейін қолынан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол палуан жығылған болып есептеледі.

Белдесу аяқталғаннан кейін жеңілген палуан жеңімпаздың көтерілген оң қолының астынан өтуі керек. Бұл оның өзінің жеңілгенін мойындағанның белгісі. Ал жеңімпаз болса дәстүрлі бүркіт биін билейді. 

Жұп-жұбымен белдеседі. Ұтылғаны жарыс жолынан шығып отырады.
 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0