Моңғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

2017 Жыл 06 айдың 30 күні

Моңғолия тарихында алғаш рет президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Бұл екінші кезең 7 шілдеге жоспарланды. Өйткені саяси науқанның алғашқы кезеңінде ешбір үміткер межелі 50 пайыздан астам дауысқа ие бола алмады, деп хабарлайды Kaznews.mn. 

Айта кету керек, президент сайлауы Моңғолияда осымен жетінші рет өтіп жатыр. Биыл елге басшы болуға ниеттенген үш кандидат сайлауға түскен болатын. Енді екінші кезеңде көп дауысқа ие болған екеуі бақ сынайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Демократиялық партия үміткері Халтмаагийн Баттулга көш бастап тұр. Оны сайлаушылардың 38 пайызы қолдаған. Ал басты қарсыласы биліктегі Моңғол халық партиясының кандидаты Миеэгомбын Энхболдты халықтың 30 пайызы жақтаған.

Сонымен қатар, үшінші үміткер Сайнхүүгийн Ганбаатар осал қарсылас емес екендігін көрсетті. Ол, халықтың 30 ға жуық пайызын жинаған.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0