Зауытбек Тұрысбеков: Қауымдастықтың төрағасының жаңа орынбасары

2017 Жыл 06 айдың 29 күні

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың қызметінен босатылып, оның орнына Зауытбек Тұрысбеков сайланды, деп хабарлайды KazNews тілшісі.

 

Талғат Мамашевтың орнына Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын ұсынды.

"Біз төрағаның бірінші орынбасарын сайлауымыз керек. Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап атқарып келеді. Біраз жұмыс істелді. Сырттағы отандастарымызбен  рухани-мәдени байланыстар нығая түсті.

Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековты ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде менің тапсырмамен  талай жауапты қызметтері атқарды. Ысылған, тәжірибелі. Кезінде қазақтың Көші-қон демография агенттігін басқарды. Облыста әкім, Ішкі істер министрі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарды. Ең негізгісі, қандастарымыздың ең көп тұратын Ресей мен Өзбекстанда Елші болды. Олардың жағдайын жақсы біледі", — деді Елбасы. 

 

Құрылтай делегаттары Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

"Үлкен сенімге көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, іс білемін. Ертеңгі күні барынша іспен дәлелдеймін", — деді төрағаның жаңа бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Құрылтайдың биік мінберінде моңғолия қазақстарынан Лондон Университетінің магистрі Райса Қадырқызы жайғасуы Хобда бетіндегі азғана қазақтың мақтаныш сезімін оятты. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0