Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті

2017 Жыл 06 айдың 29 күні

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Құрылтайға 800 адам қатысты, олардың 350-і — шетелдерден келген қазақтар. Моңғолия қазақтарынан 41 делегат қатысты. Сонымен қатар Әлем моңғолдаы конгрессінің төрағасы Давга Цахилгаан мырза қатысты.

Құрылтайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

— Қайда жүрсе де қазақтың тарихи отаны біреу-ақ. Ол — Қазақстан. Атамекеніміз жалғыз, ол — бір уыс топырағына дейін қасиетті Қазақ Елі. Бүгінгі басқосуға, негізінен, жас буынның өкілдері шақырылды. Себебі, жас ұрпақ түп қазығын ұмытпай, бір тамырын тарихи Отанында жаюға тиіс. Туған елімен байланысын нығайтып, ата салтын сақтап, ана тілін ұмытпай, біліп өсуі қажет, — деп атап өтті Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде рухани жаңғыру аясында іске асырылып жатқан 6 жобаға, латын әліпбиіне көшу мәселесіне, «Туған жер» бағдарламасына, әсіресе, шетелдегі қандастарымызды қолдау мәселелеріне тоқталды. Шетелде жүрген қандастарымызды қолдау мақсатында «Отандастар» қоры құрылатынын атап өтті.

Елбасы бұл маңызды жиынның «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай өткізілуіне тоқталды:

— Біз арнайы осылай байланыстырдық. Себебі, бұл Қазақстанның мерейін асырып, күллі әлемнің назарын аударатын ауқымды шара болып отыр. Біз бауырларымыз Атажұртының бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін деп, сіздерді ЭКСПО-ға орай шақырдық, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды. Ал қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары болып Зауытбек Тұрысбеков сайланды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0