Нұрлан Хасиханұлы: Нəзіктік

2017 Жыл 06 айдың 14 күні

Күндерім егіз күп-күрең
Айырмай жүрмін тіпті мен
Сағыныш ол бір жалғыздық
Жалықпа,
Шыда,
Күттірем!

Мен оны біраз сезінгем
Көндіккем,
Көргем өзімнен
Көрпеме айды жатқызып
Күзетіп талай көз ілгем

Оңаша тұрмын міне мен
Айқассаң,
Құшып білер ең
Өкініш болмай өтсінші
Сағыныш жайлы бұл өлең

Тау асып келер таңғы жаз
Жатайын десем ал,біраз
Ажарлы гүлдің алдында
Жан екем
Осал,
Əлжуаз!

Нұрлан Хасиханұлы 2017.06.13

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0