Л.Баттулга: Қазақстаннан көп нәрсені үйрену керек

2017 Жыл 06 айдың 13 күні

Астана қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің саммитінде Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Л.Баттулга -ның МОНЦАМЭ ақпараттық агенттігіне берген сұхбатын Кaznews АА назарларыңызға ұсынып отыр.

 

Моңғолия мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнауына 25 жыл толып отыр. Бұл уақыттағы екі елдің ынтымақтастығы туралы қысқаша айтып берсеңіз?

Рас айтасың. Екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыр. 25 жылда екі ел өзара ынтымақтастығы жоғары деңгейде болды деп айтуға болады. Бұл уақыттарда 50 ге жуық құжаттарға қол қойылып, жүзеге асып келеді.

 

Бүгінгі таңда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар қандай деңгейде?

«XXI ғасыр - Еуразия ғасыры» деп аталуда. Еуразияда Қазақстан Республикасы маңызды рөл атқарып отыр. Біздің ең жақын серіктесіміз саналатын Қазақстанның қазба байлығы мол. Уран өндіру бойынша әлемде көшбасында, вольфром, мырыш қоры бойынша әлемде төртінші орында, көмір және мұнай қорлары көп. Бұл бағыттарда біз Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықта жұмыстауға ниеттіміз. Мұнда кен игеруде жоғарғы техника технологияларды пайдалануда.

 

Екі елдің сауда айаналымы бүгінгі таңда 30 млн АҚШ.долларын құрап отыр. Бізге сыртқы саудаға транспорт-ложистика мәселесі кері әсерін тигізіп отыр. Бірақ бұл мәселелер болашақта шешімін табатын мәселе ғой. Сондықтан сыртқы сауда айналымын арттыру мәселелерін қазірден зерттеуіміз керек. Кәсіпорындармен байланысты нығайтуымыз керек.

 

Алдағы 25 жылда екі елдің байланысы қалай болады?

Сұрағыңыз орынды. Шынын айтсақ бізде сыртқы саясат болсын, сыртқы сауда болсын 4 ақ жылдық бағыт ұстанып келеміз. Бір үкімет құрылып 4 жылдық маңызы бар бағдарлама айтады. Біз үшін бұл тұрғыда Қазақстаннан үлгі алуымыз керек. Кейбір мемлекеттер сыртқы сауда-экономикалық байланысын 25 жыл, тіпті 50 жылмен жоспарлап қойған. Біз енді осындай системаға көшуіміз керек.

 

Қазақстан Республикасы кен игеруде жаңа техника, технологияны пайдаланып отыр дедіңіз. Сіз елші болған күннен бері бұл бағытта қандай жұмыстар атқарып үлгердіңіз?

Күзде екі елдің Үкімет аралық комиссиясының кезекті отырысын өткізуге тараптар келісіп отырмыз. Кездесуде бұл мәселелер қозғалады деп күтудеміз. Қазақстан Республикасы Орталық Азияда көшбасшы мемлекет ретінде қалыптасты. ІЖӨ-і 130 млрд долларға жетіп, жан басына шаққанда 7400 долларды құрап отыр. Сондықтан осындай қарқынмен дамып отырған елмен біз байланысымызды одан ары нығайтуымыз керек. Бұл бағытта жұмыстаймыз.

 

Транспорт-ложистика мәселесінде жақсы жаңалық бар ма?

Қазіргі жағдайда екі ел арасындағы транспорт мәселесі қиындау екені шындық. Алайда, мега жобалар жүзеге асып жатырғой. Мысалға, ҚХР-ның «Жібек жолы», «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының көбі Қазақстанмен байланысып отыр. Ал, біз бұл жолдарға қандай бір жолмен тоғысамыз. Бұл жобалар арқылы транспорт саласы дамып, сыртқы сауда кеңейеді.

 

Мәдениет, білім саласындағы ынтымақтастықта бір мәселені аңғарамыз. Моңғол студенттері Қазақстанда стипендиямен оқыған кезде таңдау Баян-Өлгийде өмір сүретін қазақ жастары ғана түседі. Бұл жөнінде?

Қазақстан тарапынан жыл сайын Моңғолиядан 50 студентті бакалавриатқа, екі студентті магистратураға қабылдайды. Негізі, қазақ тілді адамдар келіп оқыса оңтайлы болады ғой. Тіл жөнінде қиналмайды. Егер моңғол жастары қазақ тілін үйренемін десе біраз қиналатын болуы керек. Бірақ стипендиялық талаптарды 50:50 пайызда ұстау ойымызда бар. Сондықтан тек ғана қазақ жастарын таңдайтын қатты талап жоқ.

Жалпы, студент алмасу мәселесін дамытуымыз керек. Қазақстаннан үйренетін нәрсе көп. Бүгінгі мәліметтер бойынша 100-дей студент Қазақстан Республикасының стипендиясымен оқып жатыр. Өз қаражатымен оқып жатқан студенттер де бар. Олардың дәл санын айту қиын. Шамамен 200-300 студент.

 

Улаанбаатар-Астана бағытындағы әуе қатынасы бойынша екі ел келісімге келген. Бірақ, ұшақтың ұшуына қандай себептер кедергі болып тұр?

Мемлекеттік деңгейдегі мәселелер шешілген. Қазір екі елдің азаматтық авияция саласындағы компаниялар келісуі қалып отыр. Компаниялар өзара пайдалы бизнестік бағыттағы шешімдер шығаратын болуы керек.

Қазақстан тарапы бұл жөнінде.

Қазақстан тарапынан Баян-Өлгий аймағына Консулдық ашу туралы ұсыныстарын бірнеше жылдан бері қойып келеді. Бұл мәселе бойынша пікіріңіз?

Ең соңғы консулдық кеңесінің отырысында бұл туралы мәселе қозғалған. Бұл мәселені біз зерттеп жатырмыз. Бұл мәселеге өзара келісіп шешім шығаруымыз керек. Алматы қаласында біздің консулдық қызмет бар. Сондықтан бұл мәселе де көп ұзамай шешімін табады деп ойлаймын.

 

Моңғолия Президентінің сайлауына дауыс беруге қанша азамат тіркелді? Қаншасы дауыс берді?

Елшілікке өткен сенбіде 20 ға жуық адам келіп пікірін берді. Бүгін қанша адам келетінін білмеймін. Астана қаласында 30 ға жуық моңғолия азаматы өмір сүреді. Дауыс беруге 26 адам тіркелген.

Б.Адьяахүү



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0