Бай-Өлкеде үшемдер дүниеге келді

2015 Жыл 04 айдың 26 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағының Сагсай сұмынының тұрғыны Әнісұлы Аманбектің жұбайы Қуанышқызы Бегжан үшемдерді дүниеге алып келді. 

Бұған дейін үш балалы 31 жастағы жас ана осылайша бір күнде алтын құрсақты батыр анаға айналды.

30 наурызда дүниеге келген үшемдер Улаанбаатар қаласында дәрігерлердің бақылауында болып бүгін Өлгий қаласына келді.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2015 жылдың бірінші мезгілінде 688 нәресте дүние есігін ашқан.

Былтыр аймағымызда адам саны 2.6 пайызбен өсіп, 93197 – ге жеткен.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0