Құлағу хан Иран мемлекетінің негізін қалаған

2017 Жыл 06 айдың 09 күні

Түркия Радио Теледидар агенттігі сайтының «Түркі өркениетіндегі ұлы тұлғалар» айдарында Шыңғысханның немере ұрпағы Құлағу Елхан туралы мақала жарық көрді.  Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Айта кету керек, Шыңғысханның кенже ұлы Төледен тараған немересі Мәңгі 1251 жылы империяның төртінші Ұлы ханы болып сайланған. Бұдан кейін Мәңгінің інілері ықпалдары артып Құбылай оңтүстік Қытайды жауласа, екінші інісі Құлағу Батыс Азияны қол астына қаратуда белсенділігі арта түскен. Құлағудың жорықтары Ислам әлемінде көптеген өзгерістерге себеп болды. Құлағудың Батыс Азияда билік құрғандықтан болар христиан жұртына  жақын тұрғаны мәлім. Және оның әйелі мен ең сенімді қолбасшысы найман Киітбұғада христан болыпты. Мақалада Құлағудың ықпалынан кейін Ислам өркениетінде түріктердің дәуірі күшейгені туралы айтылған.

«Бағдаттың Құлағу тарапынан қиратылуының көптеген салдарлары болды. Ең алдымен тарихшылар Бағдаттың қирауын ислам өркениетінің құлдырауына апарды деп тұжырымдайды. Алайда ислам өркениетінің Анадолы мен Балқан түбегі және Қыпшақ даласында кең қанат жая бастағанын ойласақ, бұл тұжырыммен келісуге болмайды. Оның орнына Бағдаттың қирауы - арабтардың құлдырауы десек дәлірек болады. Сол күннен бастап бүгінге дейін арабтар қырғын мен қантөгістен көздерін ашқан емес. Басқаша айтқанда арабтар халықаралық саясат сахнасынан кетті. Екіншіден, Аббаси халифінің өлтірілуі халифаттың Бағдаттан Мысырға яғни мәмлүктердің қолына өтуіне себеп болды. Мәмлүктердің қыпшақ түріктері екендігін ескерсек, Ислам әлемінің рухани басы болып саналатын халифат сол 1258  жылдан бастап 1924 жылға дейін түріктердің қолында болды. Басқаша айтқанда Ислам өркениетінде түріктердің кезеңі басталған» деп жазылады мақалада.

Жазба соңында Құлағу хан құрған Елхан мемлекеті болашақтағы Иран елінің негізі бола алды, сондай-ақ дәл қазіргі уақытта батыспен шығыстың байланысын қайтадан нығайтуға бастама болып отырған «Жібек Жолының жандануына себеп болды» деген пікірлер келтірген.

«...Ұлы хан болып Құбылай сайланғаннан кейін Құлағу Батыс Азияға қайтты. Ұлы хан Құлағуға Елхан деген атақ берген еді. Құлағудың Алтын Орданың тұңғыш мұсылман ханы Беркемен қақтығысы оның Мысырға қарай жылжуының алдын алды. Алтын Орданың мәмлүктермен одағына байланысты Құлағу жорықтарын тоқтатып, орталығы Тәбриз болған Елхан мемлекетін құрды. Елхан мемлекеті Алтын Ордамен Кавказ үшін, Мәмлүктермен Сирия үшін, Шағатайлармен Мәуренахр үшін соғысып өтті. Дегенмен Елхандармен Құбылайдың Қытайда құрған Юан әулетінің қатынасының жақсы болуы Жібек Жолының жандануына себеп болды».

Қорыта айтқанда Құлағу 1265 жылы қайтыс болғанда, Ислам әлемінің картасы мүлдем өзгерген еді. «Елхан Будда дінін қабылдағанымен, оның ұрпақтары уақыт өте келе мұсылманданып кетті. Ал Елхан мемлекеті болса, болашақтағы Иран мемлекетіне негіз болды» деп түйіндеген мақалада. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0