ЭКСПО кезінде Астанада төрткүл дүниенің қазағы бас қоспақ

2017 Жыл 06 айдың 06 күні

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы Астанада маусым айының 22-25-і күндері өтеді. Бүл әлем назарын аударған ЭКСПО-ға сәйкес келіп отыр.

 

40 елден 350 қазақ диаспорасының және де Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген халықаралық ұйымдардың (Түрк кеңесінен, Қыпшақтар қоғамынан, Әзербайжан елі Диаспорология ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттен, Әлем моңғолдары конгресінен, Өзбекстанның Ұлтаралық мәдениет орталығынан) өкілдері шақырылады.

Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, барлық облыстардан, Үкімет, Парламент, Министрліктер, түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері қатысады. Комиссияның алғашқы отырысында бұрынғы өткен Құрылтайларға қатысқан (қоғам басшыларынан басқа) адамдар шақырылмайды деп шешілді, негізінен жастар көбірек қамтылмақ. Құрылтайдың дайындық жұмысына сәттілік тілеймін және де ұсыныстар беріп, белсене қатысқан барлық ағайындарға алғысымызды білдіреміз», - деп жазды қауымдастық өкілі Ботакөз Уатқан.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Ыстамбұл қаласында қазақ диаспорасы өкілдерімен кездескенде алғаш рет Дүние жүзі қазақтарының құрылтайын өткізу туралы әңгіме болған екен.

Көп ұзамай, 1992 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында тұңғыш рет Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтіп, Елбасы мазмұнды баяндама жасады.

Сонда ол: «Төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен қарлығаштай ұшып келген көңілдеріңіз үшін, қайда жүрсеңіздер де атамекен мен атажұртқа деген сағыныш пен сүйіспеншілікке толы перзенттік пейілдеріңізді сақтағандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сіздер арқылы бүкіл әлемдегі қазақ бауырларымызға ыстық сәлемімізді жолдаймыз!», – деп тебірене сөйлеген болатын.

Алматы теле арнасы



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0