Моңғолияда 26 маусымда президент сайлауы өтеді

2017 Жыл 06 айдың 06 күні

KAZNEWS - Бүгін Моңғолияда ресми түрде 26 маусымда өтетін президент сайлауына үгіт-насихат компаниясы басталды.

Моңғолияда осымен жетінші рет мемлекет басшысы тағына сайлау өткізілмек. 27 –ші мамырда Орталық сайлау комиссиясы ел президентіне үміткер үш кандидатты тіркеген.

Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Миеэгомбын Энхболд, Демократиялық партиясынан Халтмаагийн Баттулга, Моңғол халық революцияшыл партиясынан Сайнхүүгийн Ганбаатар бақ сынайды.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кестеге сәйкес дауыс беруге бір тәулік қалғанда яғни 24 маусымда түнгі сағат 00:00 –де үгіт насихат компаниясы жабылады.

Дауыс беру маусымның 26 күні өтеді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0