Моңғолия: Мазаалай жер серігін ұшырды

2017 Жыл 06 айдың 05 күні

KAZNEWS - SpaceX компаниясының Falcon-9 зымыраны сәтті ұшты. Дүйсенбіге дейін халықаралық ғарыш станциясына жетеді. Жер серігі ғарыштық зерттеулер жүргізуге, спутниктен түсірілген фотосурет негізінде әлдеқайда нақтырақ географиялық карталар  жасауға, сондай-ақ күтпеген апаттардың алдын алуға  көмектеседі. 

Dragon жерсерігі 2,7 тонна жүкті халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Олардың арасында моңғолдың шағын жер серігі тиелген. 

Спутникке Гоби шөлінің сирек кездесетін «Мазаалай» аюының атауы берілді. 400 шақырым қашықтықта орналасатын спутникке ғалымдар тәулігінде 5-6 рет байланыс орнатып, ақпарат алады. 

«Мазаалай» спутнигін Моңғол мемлекеттік университеті ғалымдары мен  студенттері Кюсю жапон технологиялық университетімен бірлесіп жасады. Жоба мүшелерінің айтуынша, екінші моңғол серігін ұшыруды жүзеге асыру 2019 жылға жоспарланып отыр. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0