Қазақ елі «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге толықтай дайын

2017 Жыл 06 айдың 05 күні

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшылары журналистерге халықаралық көрмеге дайындықтың қалай жүргізіліп жатқандығы жайында есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

 

Аталмыш компанияның Басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов барлық нысандар көрмеге дайын екендігін алға тартты.

«Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің басты дайындық жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Осы уақытқа дейін көптеген істер тындырылғаны мәлім. Бүгін барлық обьектілеріміз дайын. Ал көрме аумағындағы абаттандыру жұмыстары жақын уақытта бітеді. Бүгінгі басты мақсатымыз – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізу.

Соңғы бірнеше апта бойы біз көптеген оқу-жаттығу өткізіп, төтенше жағдайларға дайындық жүргіздік. 10 маусымға дейін көрме аумағы келушілер үшін жабық болады», - деді директор.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0