Моңғолия президенті Астанадағы ШЫҰ саммитіне қатысады

2017 Жыл 06 айдың 05 күні

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Астанада 8-9 маусымда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысу үшін Қазақстанға іс-сапармен барады, деп хабарлайды МОНЦАМЭ.

Моңғолия 2004 жылы Ташкент саммитінде бақылаушы мәртебесін алған алғашқы ел. Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) - 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшылары негізін салған халықаралық ұйым болып табылады. 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған еді. 2001 жылы бес мүше ел ұйымның құрамына Өзбекстанды қабылдап, ұйымның атауы Шанхай ынтымақтастық ұйымы немесе «Шанхай алтылығы» болып өзгертілді. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0