Қазақ жастар өкілі балаларды қуантты

2017 Жыл 06 айдың 02 күні

KAZNEWS - 1 маусым Балалар мерекесіне орай Улаанбаатарда М.Сарнай атты нәзік жанды, жалғыз басты ана өз баласындай көріп асырап-бағып, оқытып-тоқытып отырған 32 қамқоршысы жоқ бүлдіршіндерді «Монголия Қазақ Жастар Даму Орталығының» жігерлі жастары мерекелерімен құттықтап, қуантып қайтты.

Сондай-ақ, М.Сарнайдың балалары тұратын үй салу мақсатындағы Монгол елінің ерікті жастары бастап, «Бір адам – бір керпіш» атты сапарға да өз қолдарынан келгенінше қосылатындығын қазақ жастар өкілі айтты.

М.Сарнай осы мүмкіндікті пайдаланып, «Көңілі кең жандардың қолдауымен балаларының болашағы жарқын болатынына сенетіндігін білдіріп, ризашылығын айтты».   

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0