«ЖҮРЕК ҮНІ» атты шығармашылық кеш өтті

2017 Жыл 05 айдың 15 күні

 

KAZNEWS - 13 мамырда Еліміз бас қаласы Улаанбаатарда «Жүрек үні» атты ақын Аманжол Бәделұлының шығармашылық, әдеби сазды кеші өтті.

Аталған кеште тек ғана ақын сөзіне жазылған әндер мен Баян-Өлгийлік сазгерлердің музыкалары шырқалды. Концертте ММОҚ, халықаралық бірнеше фестивальдер лауреаты Айгүл Қалидолдақызы, белгілі әнші Гүлмайра Әкімқызы, Опера және Балет театрының әншісі Толқын Маратқызы, Баян-Өлгий аймағы Музыкалы драма театрының актері Нұрлан Қасиханұлы және еліміз қазақ өнеріне өз үлесін қосып жүрген жастар өкілдері қатысты.

Шығармашылық кеш соңында Дәулеткерей Білімханұлы Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері атағымен сыйланды.

Шығармашылық кеш жан тебірентер әндер мен өлеңдерге толы, ұлттық құндылықтар, тіл, дін, салт-дәстүрді қастерлеуді насихаттағанымен ерекшеленді.  



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0