Генерал-майор М.Зайсановтың құлпытасына гүл шоқтарын қойды

2017 Жыл 05 айдың 08 күні

KAZNEWS - Улаанбаатар қаласында Қазақстан Елшілігі Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және алда келе жатқан Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы болған, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.


Шараға ҚР Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, Моңғолия Парламентінің депутаттары Солтан Гомбыжайұлы, Мұрат Дәкейұлы, Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, экс-депутат Бәкей Ағыпар, ғалым, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Ислам Қабышұлы, Баян-Өлгей аймағының Улаанбаатар қалалық «Жерлестер алқасы» ұйымы және басқа да қазақ қандастар қатысты.


Анықтама: Мүдәріс Зайсанов Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Зайсан өңірінде туылып, 1920 жылдары Монғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдаған. Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының ең жоғарғы наградаларының бірі – “Қызыл ту” орденімен марапатталып, 1942 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Зайсанов 57 жасында Улаанбаатардағы әскери госпитальда дүние салды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0