Еркеқұлан Бағдатұлы Бранденбург университетінен ГРАНТ ұтып алды

2017 Жыл 05 айдың 06 күні

KAZNEWS - «Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын!»  -деген. Еркеқұлан Бағдатұлы Италияның Халықаралық физика және математика орталығынан, Германияның Бранденбург технологиялық университетінен жарияланған докторлық дәрежедегі оқуға грант ұтып алды.

Еркеқұлан былай дейді: «Менің шетелде халықаралық оқу орындарына оқуыма жаңа мүмкіндік туды. Италиядан және Германиядан грант ұтып алдым. Қазір Моңғолия – Германия бірлескен Технологиялық университетінде математика пәнінен сабақ беріп жүргендіктен, Германияда докторлық дәрежеде оқуды таңдадым. Бранденбургтегі математикалық зерттеу жұмыстарына өзімнің тарапымнан бір қол таңбамды қалдырсам деген арманым бар. Мені әріптестерім тарапынан жылы қабылдайды дегенге сенемін. »

 

Естеріңізге салсақ, бұл күндері Математика пәнінен мемлекеттік 53 – олимпиадасы жүріліп өтті. Мұнда 10 сынып оқушысы Арманбек Солтанмұратұлы күміс, 11 сынып оқушылары Нұрсәуле Бақытқызы қола, Жеңісгүл  Бағдатқызы жетінші орыннан көрінді. 

Еркеқұлан Бағдатұлы Баян-Өлгий аймағының абыройын бірнеше рет асқақтатқан болатын. Ол ел біріншілігі, қалалық және дүниежүзілік олимпиадаларда алтын, күміс және қола жүлде алған болатын. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0