ХАБАРЛАНДЫРУ

2017 Жыл 05 айдың 04 күні

2 мамыр, 2017 ж. Ұлан-Батыр қаласы
Құрметті достар!

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы 2008 жылғы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, қазақстандық жоғарғы оқу орындарына білім гранттары бойынша 1 докторантура, 2 магистратура, 2 бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлер қабылдау мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тиісті мәлімет Моңғолияның Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жарияланған және соңғы құжаттарды қабылдау 2017 ж. 4 мамырда аяқталады.
Назар аударатын жайт, білім гранты 5 талапкерге ғана тиесілі болады. Мамандықтарға келетін болсақ, Моңғолияның Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, Моңғолияға қажет деп табылған мамандықтар бойынша ғана құжаттар қабылданады.
ГРАНТ САНЫ АЗ БОЛУЫНА ЖӘНЕ ҚҰЖАТ ТАПСЫРУШЫ АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫНЫҢ КӨП БОЛУЫНА ОРАЙ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАРДЫ ҚАМТУ МҮМКІН ЕМЕС ЕКЕНДІГІН ЕСКЕРТЕМІЗ ЖӘНЕ ОЛ МӘСЕЛЕГЕ ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ! 
Қазіргі таңда білім гранттарының санын көбейту мәселесі Елшіліктің маңызды мәселелерінің бірі болып отырғанын және бұл бағытта қазақстандық тараппен тиісті жұмыстар жүргізілуде екенін атап өтеміз. 
Сонымен қатар бүгінгі таңда Елшіліктің пысықтауына орай, аталған Келісімнен тыс, Қазақстан Республикасы Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи қазақ-түрік университетінің де 5 студент қабылдау мүмкіндігі бар екеніне назар аударамыз!
Қабылдау уақыты ү.ж. 1-30 маусым аралығында ОНЛАЙН ТҮРДЕ, admission.ayu.edu.kz сілтемесі бойынша жүзеге асырылады. Университетке қатысты қосымша мәліметті ayu.edu.kz (Университеттің ресми сайты) веб-парақшасынан алуға болатындығын ескертеміз.
Тікелей нөмір арқылы кеңес алу үшін: +7 (72533) 63690, Университет маманы Марат Темирбеков.
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0