Қазақстан-Моңғолия 25 жыл, ФОТО КӨРМЕ

2017 Жыл 04 айдың 27 күні

KAZNEWS - 2017 жылы 27 сәуірде Ұлан-Батырда Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдық мерейтойына орай фотокөрме ұйымдастырылды.
Көрменің ашылу салтанатына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрінің орынбасары Б.Батцэцэг, Қазақстанның Елшісі Қ.Қобландин, Парламент депутаттары, жергілікті билік органдарының, дипломатиялық корпус және қазақ диаспорасы өкілдері, сондай-ақ Моңғолияның белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. 
Өз сөзінде Моңғолия сыртқы қатынастар ведомствосы басшысының орынбасары Б.Батцэцэг аталған көрменің екі ел достық қарым-қатынастарын ілгерілетуде маңызды рөл атқарып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тату көрші екендігінің көрінісі болып табылатындығын ерекше атап өтті.
Шара барысында Елші Қ.Қобландин Моңғолияның Қазақстандағы бұрынғы елшілеріне екі жақты байланыстарды дамытуға қосқан үлестері үшін ҚР Сыртқы істер министрлігінің алғашқы қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлов атындағы медалін табыс етті.


Анықтама: Нәзір Төреқұлов (1893-1937) – алғашқы қазақ дипломаты, белгілі қоғам қайраткері.
2003 жылдан «Қазақстанның сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» берілетін Нәзір Төреқұлов атындағы медаль ҚР Сыртқы істер министрінің ведомстволық марапаты болып табылады.

 

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0