Тайландтағы халықаралық турнирде Д.Отгондалай финалға шықты

2017 Жыл 04 айдың 06 күні

Kaznews - Бокстан Тайланд елінің астанасы Бангкокта өтіп жатқан "Thailand Invitation International Boxing Tournament 2017" турниріне Моңғолия құрамасынан жеті боксшы қатысып, екі боксшы жартылай финалға өткен.

49 келіде Г.Ган-Эрдэнэ ширек финалда кубалық А.Гринаны ұтып, жартылай финалдық кездесуінде Үндістандық Кумар Какарадан ұтылып қалды. Есесінде, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Ал, 60 келіде өнер көрсеткен Д.Отгондалай ширек финалда тайланд елінің былғары қолғап шебері Р.Жунтроны, жартылай финалда кубалық Дариаски Палмер Каррионы ұтты. Финалдық кездесуін 8 сәуірде Тайланд елінің тағы бір боксшысы Сомча Вонгсуван-мен өткізеді. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0