Фламенко – бұл жай ғана би емес...

2017 Жыл 03 айдың 28 күні

Испаниялықтар халық болып жаппай би билегенді жақсы көреді. Бұл олардың қанынан келе жатқан қасиет. Испанияда бидің төрт түрі бар: заманауи, классикалық, фламенко және халықтық би.

Фламенко биі – ежелгі үнді тайпаларына тән би түрі. Ал испан жеріне бидің бұл түрі б.з.д 500-250 жылдары келген. Тарихы тереңде жатқан бидің өз ерекшелігі бар. Бұл биді испан жеріне үнді бишілері алып келді. Патшаның көңілін табуға Кадис жағалауы арқылы келген бишілер халыққа ерекше көңіл күй сыйлап отырған. Арада мың жыл өткен соң бұл далаға маврлар мен сығандар келді. Олар бұл бидің өзгеше үлгісін қалыптастырды.

Фламенко биінің бір құпиясы бұл би ұстаздан шәкіртке қалады және ол кітап бетіне түспейді. Яғни қалай билеу керектігі туралы ешқандай дерек қалмайды. Аталған бидің музыкалық жанры Андалуси жерінде пайда болды.

Фламенко – Испания елінің негізгі би мәдениетін көрсетеді. Фламенко – халықтық биге келетін, адамның ішкі жан дүниесін сыртқа шығаруға арналған би түрі. Бұл бидің негізгі иесі – әйел заты. Біз айтып отырған би түрін Америкаға испаниялық эмигранттар алып келген. Ең қызығы фламенконың біз білмейтін түрі көп: фанданго, малагенья, алегриас, солеарес, фаррука... Алегриас – көңілді би түрі. Отаны – Кадис қаласы. Аталған бидің шығу тарихы испаниялықтардың Наполен әскерін жеңуімен байланысты.

Фарукка – ерлерге арналған фламенко типті би түрі. Андалуси сығандары аталған музыканы алып өз жанрларына сай идіріп, өзгеше би ойлап тапқан. Бұл би заманауи фламенконың түрі болып есептеледі. Фарукка – паң, тәкаппар көріністің биі. Солеарес – Солтүстік Испанияның күн асты биі. Сығандар арасында кеңінен танымал. Өкше және алақан күшімен биленеді. Зерттеушілердің айтуынша, испан билері соның ішінде «фламенко» адам бойындағы барлық жамандықты сыртқа шығаруға, ашуды, ызаны, кекті қууға таптырмас ем дейді. Себебі қай би болса да, тәніңізде ғана емес санаңызда да рөл ойнап, жан дүниеңіздің сәулеленуіне әсер етіп, бойыңызды билеп әкетпесе несі би?!



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0