Нұрсұлтан Бақытхан: Жастар өнерлі, талпынысы да өте жоғары екен

2017 Жыл 02 айдың 20 күні

KAZNEWS - Жайдарман моңғолияда фестиваль өткізгенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Көрерменнен он бағасын алған Жайдарман шоуының ұйымдастырушыларының бірі Нұрсұлтан Бақытханұлынан шағын сұхбат алған едік.

 

Жайдарманды ұйымдастыруға ұсыныс қайдан түсті?

Жайдарманды ұйымдастыруға Қазақстан КВН одағы республика жастар қоғам бірлестігінің президенті, Республикалық жайдарман əзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен Моңғолия жастарының арасында ұйымдастырсақ қалай қарайсыңдар деп бауырым екемізге ұсыныс жасаған. Біз тәуекел етіп ұйымдастыруға келістік.

 

Білуімізше, моңғолияда жайдарман сайысы алғаш рет жүргізіліп отыр, болашақта жалғасын таба ма?

Иә, алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алла бұйыртса болашақта жылына бір рет осындай үлкен жарыс болып отырады деген жоспарымыз бар.

Бұл сайыс көрермендер үшін өте қызықты болғаны сөзсіз. Қатысушы командалардың біліктілігі қандай дәрежеде болды?

Алғаш болсада жастарымыздың дайындығы өте жоғары деңгейде болды. Қазақ жастары өнерлі, талпынысы да өте жоғары екенін дәлелдеді. Әрі қарай ұйымдастыра берсе бұданда үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Уақыт бөліп, сұрақтарымызға жауап бергендеріңізге көп рахмет. Өнерде де, өмірде де мерейлеріңіз үстем бола берсін!



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0