Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі

2017 Жыл 02 айдың 01 күні

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз миссиясын бастады.  Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдары келелі мәселелерге назар аударатын болады. Мәселен, Еуразия кеңістігіндегі, Орталық Азия өңіріндегі экономикаға, экологияға, медицинаға, көші-қон саясатына, терроризм мен экстремизмге қатысты өзекті мәселелер айрықша назарда тұрады.

Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, оның ішінде Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды саяси тұрғыдан оңтайландыру секілді мәселелерге көп көңіл бөлінеді.

Өзіне жүктелген миссияны орындау барысында Қазақстан ядролық қарудың таралуын болдырмау, бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлем құру идеясын ілгерілету бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да мүшелерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Жалпы ХХІ ғасырдағы әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ядролық қауіпсіздіктің алар орны ерекше. Себебі, бүгінгі күні әлемнің әр түкпірінде түрлі қақтығыстар, қарама-қайшылықтар орын алуда. Лаңкестік ұйымдар халықты үрейлендіріп, жарылыстар ошағы көбеюде. Сол лаңкестердің қолдарына әлгі қару түсетін болса не болады? Онда жалпы адамзатқа қауіп төнбей ме?! Міне, сол себепті де бұл мәселеде Астананың рөлі орасан.

Алдағы уақытта Қазақстан терроризм мен экстремизмге қарсы саясатты ашық түрде жүргізіп жүрген ел ретінде бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі белсенді түрде жалғастырады.

Сайып келгенде, мұндай жауапкершілікке толы кезеңде абырой биігінен көріну Қазақстан үшін сын болғалы тұр. Егер, Қазақстан дәл осындай сын сағатынан сүрінбей өтетін болса, онда Астананың сыртқы саясаттағы рөлін одан әрі нығайтуға және экономиканың қарыштап дамуына жол ашады.  

2017 ж. 10 қаңтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысып, Президент Н.Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты Саяси үндеуі таныстырылды.

Қазақ министрі Қ.Әбдірахманов бұл Үндеудің Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 31 наурыздағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің қағидаттарына негізделетіндігін және оны шығармашылық тұрғыдан дамытатындығын атап көрсетті.   

 

Хайрат Ахмет 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0