Жолдасбек Тахтияналұлы - Баян-Өлгий аймағының үздік студенті атанды

2016 Жыл 12 айдың 28 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағының азаматтары Өкілдері Хуралы мен аймақ әкімі жанындағы кеңестің біріккен отырысы өтіп, 2016 жылғы үздіктерді анықтап Зохиомж университетінің студенті, боксшы Жолдасбек Тахтияналұлын «Баян-Өлгий аймағының Үздік студенті»-деп таныды.

 

Жолдасбек Тахтияналұлы бокспен жастайынан шұғылданады. Жасөпірімдер және жастар арасындағы ел біріншілігінің алтын, күміс, қола жүлде иегері. Халықаралық жарыстарда бірнеше рет топ жарған.

2016 жылы ҚР Атырау қаласында өткен Исатай Тайманов – Махамбет Өтемісұлы атындағы халықаралық турнирі және Алматы қаласында өткен С.Нурмағамбет атындағы халықаралық турнирінде қола медальға қол жеткізген.

Суретті түсірген Қайнар Қайсанайұлы.

Суретте Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен

олимпиада жүлдегері У.Мөнх-Эрдэнэ



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
Та 
/ 2016-12-29 14:05:22 /
Міне керемет спортта да емес оқудан да озат болу деген мақтанарлық жаналық осындай жастармыздан жас түлектер үлгі тұтұ керек... Құтты болсын Жолдосбек
Fan 
/ 2016-12-29 13:49:41 /
Жарайсың Жока...