Айшолпан Нұрғайыпқызы - Баян-Өлгий аймағының мәдениет саласының жыл үздігі атанды

2016 Жыл 12 айдың 28 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағының азаматтары Өкілдері Хуралы мен аймақ әкімі жанындағы кеңестің біріккен отырысында 2016 жылғы үздіктерді анықтап, Эмпати мектебінің оқушысы, бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызын "Баян-Өлгий аймағының мәдениет саласының жыл үздігі"- деп таныды.

Н.Айшолпанның “Бүркітші” деректі фильмі арқылы Моңғолия қазақтарының мәдениетін, салт дәстүрін, саятшылық өнерін дүниежүзіне танытып, әлемнің түпкір-түпкірінде өтіп жатқан кино-фестивалдерге қатысып, еліміздің, аймағымыздың туризм саласының дамуына қосып жатқан үлесі зор.

Естеріңізге салсақ, 87 минутқа созылатын «Бүркітші» фильмінде 2000 жылға жуық тарихы бар саятшылық өнері дәріптеледі.

Және Айшолпанның бұл өнерді әкесінен үйренгені көрсетіледі. Және де бүркітшілер фестивалінде өзінен жасы үлкен бүркітшілермен сайысқа түсіп, жеңімпаз атанған сәті суреттелген.

Бұл фильмге арнап Австралиялық әнші Сиа соундтрек жазған.

Ұқсас мақала: 

АЙШОЛПАН AJYAL YOUTH FILM ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУДА

МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНАН АЛҒАШ РЕТ ОСКАР СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ЖОБА

БАЛДЫРҒАН БАЙДОЛДА: «THE EAGLE HUNTRESS» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ОСКАР ЖҮЛДЕСІНЕ ҰСЫНЫЛАТЫН БОЛДЫ

БҮРКІТШІ ҚАРЫНДАСЫМЫЗ Н.АЙШОЛПАН ТЕЛЛУРАЙД-ФИЛЬМ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУДА (ФОТО)

АҚШ-ТА БҮРКІТШІ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМНІҢ ТРЕЙЛЕРІ ШЫҚТЫ

Н.АЙШОЛПАН САНДЭНС КИНО ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Н.АЙШОЛПАН МУЛЬТФИЛЬМ КЕЙІПКЕРІНЕ АЙНАЛАДЫ

SONY PICTURES Н.АЙШОЛПАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМДІ ЭКРАНҒА ШЫҒАРУ ҚҰҚЫҒЫН САТЫП АЛДЫ



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
helyana 
/ 2016-12-28 11:01:38 /
alibrha bubramidta jugderulsinglo nigmida julu burgeeniisimu mongol
ᠮᠥᠨᠭᠥᠯ 
/ 2016-12-28 10:57:06 /
MONGOL ELININ JIL UZDIGI ATANSA DA TAN HALAR JAGDAI EMES .... MIHTI BOLDI