Журналистер одағы үздіктерін анықтады

2016 Жыл 12 айдың 25 күні

KAZNEWS - Жаңа жыл қарсаңында Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының үздік қызметкерлерін марапаттады.

Баян-Өлгий аймағының Журналистер одағы, Моңғол Заман басылымын «Үздік газет», ТВ4 телеарнасын «Үздік телеарна», «KAZNEWS.mn» порталын аймақтағы «Үздік ақпараттық сайт» деп таныды.  

Сонымен қатар, аймақтық журналистер одағының басқарма мүшелері түрлі номинация бойынша аймағымыздың үздік баспасөз қызметкерлерін анықтады.

Ж.Жұлдыз (Дербес телеарнасы) – «Үздік тележүргізуші», Қ.Жайнаған (Наз телеарнасы) – «Үздік редактор», М.Есенкелді (Жергілікті қазақ радио, телеарнасы) – «Үздік оператор», Б.Нұрбота (ҚР Елшілігінің баспасөз қызметкері) - «Үздік журналист» деп танылды.

А.Белей «Журналистика ардагері», А.Еженхан, М.Муғраж қатарлы азаматтар «Белсенді қаламгер» , А.Күмісай «Үздік қаржыгер» марапатымен сыйланды.

Моңғолия Журналистер одағының 100 жылдық медалымен: Жергілікті қазақ радио, телеарнасының тілшісі Қ.Төлеубай, Моңғол Заман газетінің Көкмойнақ бағындағы меншікті тілшісі К.Алаш, Дербес телеарнасының атқарушы директоры А.Кенжебай марапатталды.

ҚР-ның Ақпарат және Мәдениет министрлігінен «Баспасөз саласының үздігі» медалімен қазақ тілді баспасөз «Моңғол Заман» газетінің бас редакторы Р.Асылбек, Моңғолия Журналистер одағының «Баспасөз саласының үздігі» медалімен Ж.Қабдыраш марапатталды.

Аймақ әкімінің Құрмет грамотасымен Жергілікті қазақ радио, телеарнасының қызметкері Р.Өкеш, аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының Төрағасының Құрмет грамотасымен Жергілікті қазақ радио, телеарнасының тілшісі К.Маржан сыйланды. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 7
Асылбек 
/ 2016-12-28 16:48:01 /
Өстіп барып адам боламыз. Үздіктердің бәрі аспаннан түскен жоқ. Маған сыйлықты берсе Қазақстан берді. Іші күйгендер тұз жаласын.
Қонақ 
/ 2016-12-28 01:52:48 /
Асып кетсе көре алмайтын жетпей жатса бере алмайтын қазекеңбіз ғой. Барлығы өз ойындағысын жазып жатыр таласып жоқ. Бірақ Тв4 арнасында есі дұрыс тілші жоқ сияқты еді ғой қалайша үздік? Тартқан видеолары қайықтың үстінде келе жатқан ғұсап секілдеп тұрады. Бұл жерде өтірік баға беріп баспасы сыйлықтарына лайықтар
08 
/ 2016-12-27 22:23:15 /
Ит үредi керуен көшедi iшi тарлар айта бередi.
Қонақ 
/ 2016-12-27 15:04:44 /
Іштерің күйсіннннннн
12 
/ 2016-12-26 13:55:05 /
шилдэгүүдээ үгийн алдаагаа нэг хараачээ. Ийм байж яаж шилдэг болж байна. Би нэгийн ч танихгүй мэдэхгүй юм байна.
Өй 
/ 2016-12-25 17:49:07 /
Өмірбек ғалым болсада Партиялық көз қараспен жұмыстайтан адам екені көріп байқап жүрміз Өлгий жастарының екі беткей арамза болып бара жатқанын байқадық. ҚР-ның Ақпарат және Мәдениет министрлігі «Баспасөз саласының үздігі» медалімен қазақ тілді баспасөз «Моңғол Заман» газетінің бас редакторы Р.Асылбек,-деиді ұят-ай екі сөздің басын қосып жаза алмайтын ұрдық мақаларды шатпырақ газетіне баса беретін Р.Асылбекті қай бетімен марапатап жатыр. Бұл сыйлық алғандардың ішінде саутты бір адам жоқ масқара!
ai 
/ 2016-12-25 14:26:51 /
ТВ4 үздік арна ма??масқара...не істепті?ана бір театрдың адамдарының аузы жалмаңдап шай тамақ ішкендерін 1 ай бойы көрсетті.ол дегенің басқа көрсетер дүниесі жоқ деген сөз.жұмыс жасамайтынының белгісі...