Қырғызстанға турист есебінде барған моңғолия азаматтары 30 күн ішінде тіркеуден өтеді

2016 Жыл 12 айдың 20 күні

KAZNEWS - 19 желтоқсанда Қырғызстан Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбеков 92 мемлекеттің азаматтарына 28-60 күнге дейін Қырғызстанда тіркеусіз жүруіне рұқсат ететін үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлады Kloop.asia.

Енді жаңа қаулыға сәйкес,  Қырғызстанға турист есебінде барған моңғолия азаматтары 30 күн ішінде көші-қон органдарының тіркеуінен өтуі тиіс.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 4 қарашада Қырғызстанда шетелдіктерді бес күн ішінде міндетті тіркеу туралы заң күшіне енген болатын. Бұл Қырғызстан туристік операторларының наразылығын тудырып, республикадағы қысқы туристік маусымның құлдырау қаупі туындады.

Кейінірек, Қырғызстан СІМ, Мемлекеттік тіркеу қызметі және Әділет министрлігі өкілдерінен құралған мекемеаралық топ бірнеше мемлекеттің азаматтарын тіркеу шарттарын оңтайландыру туралы қаулы жобасын әзірледі. 

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0