Булган сұмынында жауған қар халықты қыспаққа алды

2016 Жыл 12 айдың 01 күні

KAZNEWS - Булған сұмынында қараша айының екінші аптасынан апта бойы жауған қар халықты қыспаққа алып отыр. Жауған қардан кейін жол жабылып, сұмынның барлық өлкесі қарға оранып, малшылар жайылымсыз қалып отыр.  Бұл туралы KAZNEWS AA аймақтық Ауыл, шаруалық басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Өткен жылдары Ховда аймағының Дуут, Мөнххайрхан сұмындарына мал отарлатып келгенімен биыл аталмыш өлкеде мал, жануарлардың аурулары тарауы және қалың жауған қар малшылардың отарға шығуына кері әсерін тигізіп отыр.

Осыған орай, сұмындық төтенше комиссия жиналып, жергілікті әкімшілікпен малшыларға қазіргі жағдай туралы, мал отары жұмысын қолға алу, Қызыл кезең асуының қарын тазалау, және өзге мәселелер бойынша төменгі шешімдерді қабылдап отыр. Мұнда,

1.     Булган сұмынынан Дэлүүн, Толбо сұмын өлкелеріне 260 жанұяның 35000 басты малын, Ховд аймағының Дуут сұмынына 29212 басты мал, Мөнххайрхан сұмынына 32134 басты мал отарлатуға,

2.     Булган сұмынының Улаагчин, Қызыл кезең, Хотгор асуларынан мал айдауға жол ашу,

3.     Сұмындағы мемлекеттік қордың бөлімшесінен отарға шыққан малдың әр-бір тұрақтарына 150 пресс шөптен қойып, малшылардың қажеттілігіне жарату,

4.     Улаанхус бағынан отарға аттанып жолда қарға басылған 2 үйір малды құтқаруға аймақтық Төтенше жағдайлар басқармасынан жұмыстап жатқан құтқару тобы мен жергілікті құтқару тобына қол ұшын беру

5.     Улаагчин асуы, Булган қыпшалындағы қарды тазалауды Жол компаниясы 2017 жылдың мамырдың 1 – күніне дейін жауаптандыруды

6.     Халықтың денсаулығына аса мән беріп, бақ дәргерлерін ауыл үйлерге тұрақты қатынап тұру жағдайын жасауды сұмын басшыларына тапсырды.

7.     Булган сұмынындағы фонтқа 300 тн шөп, 15 тн жем шөп дақылдарын тартуға шешім қабылдады. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0