СІМ: Моңғолия 1990 жылдан бері ҚР-нан азық-түлік көмегін алған жоқ

2016 Жыл 11 айдың 16 күні

Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің өкілдері журналистерге мәлімдеме жасады.

Журналист: ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға көп мөлшерде азық-түлік көмегін көрсететіндігі туралы айтқан видео әлеуметтік желілерге жарияланды. Осы мәселе бойынша түсініктеме берсеңіздер?


- «Аталған мәселе жөнінде, 14 қарашада ҚР-ның Моңғолиядағы Елшілігінен ақпарат алынды.

«Бұл видео бейне 20 жылдай бұрын түсірілген. Оны жақында айтқан секілді болдырып, халық-көпшілікке жариялағаны екі елдің қарым-қатынасына кері әсерін тигізбеу керек» деді.

1999 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Моңғолияға іс-сапары кезінде Моңғолияда астықтың нашар шығуына байланысты Баян-Өлгий аймағына 5000 тонна астық көмек көрсету ұсынысы туралы сөз болған. Ол ұсынысты Моңғолия тарапы қабыл алып, 5000 тонна астық Баян-Өлгий аймағына берілген. Содан кейін ҚР тарапынан азық-түлік көмегі алынған жоқ».


Ч.Ариунболд



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Ерлік 
/ 2016-11-17 13:35:13 /
1999 жылы көмек алғанын айтып отыр ғой. Тақырыпты дұрыстап берсеңдерші.