Нұрбек Жанарбекұлы «MONGOLIA’S GOT TALENT» шоуының бірінші кезеңінен өтті

2016 Жыл 10 айдың 17 күні

KAZNEWS - «Mongolia’s Got Talent» арнайы жоба байқауында қазақтың қара домбырасымен өнер көрсеткен Нұрбек Жанарбекұлының видеосы Youtube желісіне жарияланды.

 

Нұрбек Жанарбекұлы аталмыш байқаудың бірінші кезеңінде қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, "Молдабайдың әнін"  орындап, қазылар алқасынан «оң» бағасын алды. Моңғолия қазақтары Нұрбек Жанарбекұлына жеңіс тілеп отыр.

Осыдан бір жыл бұрын Абай Мұратұлы есімді жерлесіміз аталмыш байқаудың бірінші кезеңінде қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, Құрманғазының "Адай" күйін орындаған болатын. Келесі кезеңдерінде домбыраны заманауи үлгіде көрермендерге көрсете отырып, ширек финалға дейін жеткен болатын. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0