Моңғолия қазақтарынан алғаш рет ОСКАР сыйлығына ұсынылатын жоба

2016 Жыл 10 айдың 12 күні

KAZNEWS - Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өмір сүретін бүркітші Айшолпан туралы деректі фильм халықаралық «Хемптонс» кинофестивалінде басжүлдеге ие болып отыр.

"The Eagle Huntress" фильмі бұған дейін АҚШ-тың Колорадо штатында «Теллурайд фильм» фестиваліне қатысып, киномамандарының жоғары бағасына ие болып, ең таңдаулы деректі фильмдер қатарынан көрінгені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, Айшолпанның басты рөлде сомдаған «The Eagle Huntress» деректі фильмі Оскар киносыйлығына ұсынылатыны белгілі болды. 

"The Eagle Huntress" фильмі Моңғолия қазақтарынан алғаш рет ОСКАР сыйлығына ұсынылатын жоба болып отыр.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0