Боксшыларымыз қолаға таласады

2016 Жыл 09 айдың 30 күні

KAZNEWS - Қыркүйек айының 28 күні Ақтау қаласындағы «Каспий» спорт кешенінде қазақ боксының негізін қалаушы, бокстан тұңғыш СССР спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы IX халықаралық турнир басталған болатын.
56 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Нұрлан Асқарұлы алғашқы айналымында Азербайжан боксшысын басымдықпен ұтып, екінші айналымында Қазақстандық боксшыны жеңді. Енді ол қола жүлде үшін өнер көрсетеді.

Сонымен қатар 52 келі салмақта өнер көрсететін Жолдасбек Тақтияналұлы мен +91 келіде өнер көрсететін Ерболат Төлекұлы алғашқы айналымдарында бос болып, екінші айналымын қола жүлде үшінгі сайыспен бастайды. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0