Сейітхан Кенесарыұлы: Екі рет әлем чемпионы атанып, арманыма жеттім

2016 Жыл 09 айдың 12 күні

KAZNEWS - Моңғолияның Налайхан қаласында өмір сүретін қандасымыз Сейітхан Кенесарыұлы Таеквондодан ITF бойынша Әлем чемпионы атанды.

«Көп жылғы еңбекпен, төгілген мандай тердің жемісін көрдім. Бұл жетістікке жетуіме команда ұжымы, жан-ұя, достарым және туған жердің қолдауы болды деп есептеймін. Екі рет әлем чемпионы атанып, арманыма жеттім.» - деді чемпион.

К.Сейтхан әлем чемпионатының биік тұғырына 2010 жылы Минискде көтерілген болатын. Араға 6 жыл салып Италияның Андрия қаласында таеквондодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып отыр. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0