Ұлан-Батырда ядролық қару сынақтарының құрбандарын еске алды

2016 Жыл 08 айдың 29 күні

   KAZNEWS - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі ү.ж 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні аталуы, АТОМ Жобасы, сондай-ақ Семей ядролық полигонының жабылуының 25-жылдығы аясында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласындағы Буддистер орталығы – Дашичойлин ғибадатханасында ядролық қару сынақтарының құрбандарын еске алу арнайы шарасын өткізді.

Іс-шараға Моңғолияның қоғамдық-саяси және діни конфессиялар өкілдері, Ұлан-Батырдағы дипломатиялық корпустардың және халықаралық ұйымдардың, қазақ диаспоралары,  сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Шара аясында қатысушыларға «АТОМ - Abolish Testing is Our Mission» атты арнайы тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды.  

            Шара барысында Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қарусыздандыру мәселелерін бірінші кезекке қойғаны атап өтілді.

Президент Н.Назарбаевтың 1991 жылғы Жарлығымен Семей ядролық полигонының жұмысы тоқтатылып,  Қазақстан ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартты. Еліміз Вашингтон, Сеул және Гаагада 2010, 2012 және 2014 жылдары өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі форумдарға тұрақты қатысып, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдегеніндей, Қазақстан ядролық қаруды таратпау үрдісінде әлем мойындаған көш басшыға айналды.

2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады.

Сонымен қатар 2012 жылдан бері қазақстандық бастамамен жүзеге асып отырған «АТОМ» жобасының да маңыздылығы атап өтілді.

 Дашичойлин Монастырінің Басшысы Хамба-Лама Ч.Дамбажав өз сөзінде, Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан елінің ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әлем бейбітшілігін сақтау мақсатындағы Жобаның бүгінгі таңда жоғары, аса өзекті мәселе екендігіне баса назар аударды. Монастырдің өкілдері дұға оқып, қатысушылар ядролық қару сынақтарының құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0