АҚШ-та бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильмнің трейлері шықты

2016 Жыл 08 айдың 15 күні

KAZNEWS - Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильмнің трейлері шықты, деген қуанышты хабарды Моңғолияның экс парламент мүшесі  Бәкей Ағыпарұлы өзінің фейсбүүк парағында хабарлап отыр.  

Атқарушы продюсері Дэйзи Ридли  болған бұл фильмі «Сандэнс» кинофестивалінің сенсациясына айналған. Мұнда  деректі фильм режиссері Отто Беллдің «The Eagle Huntress» балаларға арналған фестиврльдің «Сандэнс Кид» бөлігінде көшбасшыға айналды.

24 жастағы ағылшындық актриса және продюсер Дэйзи Ридли режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntress» деректі фильмінде кадр сыртындағы сөздерді оқиды.

Фильм ата-бабаларының дәстүрін жалғастырып, бүркітші өнерін меңгеріп жатқан қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы баяндайды.  

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Жұлдыз 
/ 2016-08-15 13:37:21 /
Мундаг шүү