Баян-Өлгейде үйін сел алып кеткен қазақтың пікірі

2016 Жыл 07 айдың 13 күні

Өлгий қалалық әкімшілігі үйлері селге кеткен жандарға арнайы орындардан жер телімдерін беріп, сол жерлерге киіз үймен орналастыруда. Үй-мүлкі селге кеткендерге әзірге ешкім материалдық көмек қолын соза қоймаған. Кешегі ақпарт бойынша 6-бақтан 7 үй, 9- бақтан 120-дай үй жарамсыз болып қалған.

"2016 жылы 7- айдың 10 күні кешкі 5 сағат маңында Баян-Өлгийдің орталығында бұршақ жауып, соңы селге айланып 9 - бақтан (бөлік) 120 үйді, 6 - бақтан 10 үйді құлатып кеткен еді. 700-дей адам баспанасыз қалды.

Әлі-ақ Өлгийдің қара суығы келіп жетер. Үйсіз елім қайтып күн көрер? Бүгін апат болған жерге барып үйін сел құлатып кеткен бір ағаның сөзін жазып алып, шашып отырмын. Ағайының жақынын басыңа күн туғанда білесің!!!!??? Берекең жоқ болса, аз ұлтым улап-шулап өшерсің!!!??? Қанға тартсаң ағайын жығылғанды демесіп, тұрғызып орынан кетерсің! Алқалы елім қайдасың?!!! Ақылды жұртым! Бұл бейне жазбаны сөкпей, мейрімі ояна тыңдасын!" - деп жазады бейне материалды таратушы Жанарбек Ақыби есімді қала тұрғыны өз парақшасында.

А.Жанарбек



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0