ҚР-ның Моңғолиядағы Елшісі Қ.Қобландин Моңғолия мемлекеттік ғылым және технологиялар университетінің ректорымен кездесті

2016 Жыл 04 айдың 06 күні

KAZNEWS - Ү.ж. 6 сәуірде Ұлан-Батырда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин Моңғолия мемлекеттік ғылым және технологиялар университетінің ректоры Баатар Очирбатпен кездесті.

Кездесу барысында университет басшылығы Қазақстандағы негізгі саяси үрдістермен, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы және Қазақстанның білім саласының перспективті даму бағыттарымен танысты.

Өз кезегінде Б.Очирбат университеттің оқытушылық құрамының қазақстандық жоғарғы оқу орындарында тағылымдамадан өтуі және студенттер алмасу бағдарламаларына қызығушылық танытты.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Такибай Шайхслам 
/ 2016-04-11 17:42:30 /
Жағымды жаңалыққа сәттілік тілейміз.Хамтын ажиллагаанд амжилт хүсье. Такибай Шайхслам