А.Заманбек: Қажымұраттың әндері көрерменнің ерекше қолдауында болды

2016 Жыл 03 айдың 21 күні

KAZNEWS - Қытай халық Республикасының жұлдызы, Қазақстанға танымал әнші Қажымұрат Шешенқұлының Баян-Өлгий және ел астанасы Улаанбаатарда өткізген концерті жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты. Бұл концертті аймақтық «Өнер дамысы» одағы ұйымдастырды.

Нұрлан Қасиханұлы, Өнер дамысы одағының төрағасының орынбасары: «Қара жорға» дегенде делебесі қозып билемейтін қазақ жоқ. Көпшіліктің көңілінен шыққан «Қара жорға» әнінің орындаушыларының бірі белгілі әнші Қажымұрат Шешенқұл ағамыз. 

Қажымұрат ағамыздың есімі әнші-сазгер ретінде барша қазаққа өте танымал. Бала кезінен сахнаға шыққан өнер иесі кейінен сазгерлігімен де танылып үлгерген. «Бүлдірген қыз, «Сені ғана», «Мақпалжан» секілді әндері халық арасында кең таралды. 

 

Заманбек Абдуллин, Өнер дамысы одағының төрағасы: Қажымұраттың әндері көрерменнің ерекше қолдауында болды. Халық Қажымұратты сүйіп тыңдайды. Әсіресе жастар оның әр бір әнін бірге шырқап отырды.

Улаанбаатар қаласындағы концерттен түскен табыстың 10 пайызы Жанаргүл қарындасымыздың емделу қаражаты үшін табыс етілгенін айта кеткеніміз жөн болар.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0