Улаанбаатар қаласында тұратын Жанаргүл есімді қарындасымызға көмек керек!

2016 Жыл 02 айдың 26 күні

KAZNEWS - Улаанбаатар қаласының Хан-Уул районында тұратын Жанаргүл есімді қарындасымызға көмек керек! Жанаргүл 38 жаста,  жұбайы және екі баласымен өмір сүреді. Қалалық 73-балабақшада 8 жыл көмекші ұстаз қызметін атқарып келген. Өткен күзде кенеттен ауруға шалдығады. Күйеуі Жанат қалааралық жүктасымалдайтын компанияда жұмыстап тұрған. Қазір үйде әйелін күтумен айналысып жатыр.

Жанаргүлдің денсаулығы алғашқыдан ойлағанда жақсарып келеді. Өкініштісі қарындасымыз көз жанарынан айырылып қалған. Бұл отбасыға екі баланың 20,0 –дық кірісі, асырауға арналған 58,0 төг, мезгіліне берілетін дәрінің 60,0 төгрөг қаражатын ғана емделуге жұмсап отыр.

Өйткені, Жанаргүл әлеуметтік жәрдемақыға 230000 төгрөг алғанымен кредитке аударылатындықтан ауыр жағдайда қалып отыр.

Жанаргүлдің арманы – көз жанары қалпына келуін тілейді.

Сондықтан, ағайын ел болып Жанаргүл қарындасымызға көмек қолын созайық. 

Айта кетейік, әнші Қажымұрат Шешенқұл Улаанбаатардағы гастролдық сапарын ұйымдастырушы "Өнер дамыс" одағы концерттен түскен табысының 10-15 пайызын Жанаргүл қарындасымыздың емделу қаражатына аудармақ. Бұл туралы аталмыш одақтың ұйымдастырушысы Заманбек Абдуллин KazNews AA тілшісіне хабарлады.

 

Жұбайы К.Жанаттың есепшоты, ХААН банк 5033291620.

Байланыс телефондары: 99160371 (Енесі), 88736833 (Күйеуі)

Фейсбүүк әлеуметтік желісінде Жанаргүлге көмек қолын созу туралы Гүлфайруз бен Райса желі қолданушыларға үндеу жариялаған болатын. Бұл үндеуге жастар қосылып, көмек қолдарын созуда. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Esentay 
/ 2016-02-26 18:05:46 /
allah sizge shipa nasip etsin.......