Эйр Астана 2 маусымда Астана-Улаанбаатар-Астана бағытында жаңа әуе рейсін ашпақ

2016 Жыл 02 айдың 26 күні

KAZNEWS - «Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстаннан Моңғолияның Улаанбаатардан өзге қалаларына әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырған жоқ. Екі ел арасындағы келіссөз нәтижесі бойынша маусым айынан бастап тек қос мемлекеттің астаналары арасында ғана әуе рейсі жүзеге асырылады. Оны компания президенті Питер Фостер 27-қаңтар күні Алматыда  «Эйр Астананың» 2015 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі есебінің алғашқы таныстырылымында айтты.

«Эйр Астана» 2 маусымнан бастап Астана-Улаанбаатар-Астана бағытында жаңа әуе рейсін ашпақ. Бұл рейс аптасына 3 рет қатынайтын болады. Бұл әуе рейсі тек бизнес бағытында ғана емес, Еуропа елдері тарапынан туындап отырған трафикке деген жоғары сұраныс есебінен де жоғары нәтиже көрсетеді деп жоспарлап отырмыз», – деді П.Фостер.

Оның айтуынша,  Астана-Улаанбаатар бағытындағы жаңа әуе рейсі Лондон, Франкфурт, Париж қалалары сияқты  Моңғолияға сапар шегетін транзиттік жолаушылар тасымалы жағынан да тартымды болады.

Air Astana біріккен қазақ-британ әуе компаниясы болып табылатынын, оның 51 пайыз үлесі «Самұрық-Қазына» қорының бақылауында.

Бүгінде компания 60-тан аса ішкі және халықаралық бағыттағы рейсті жүзеге асыруда.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 5
801  
/ 2016-02-27 13:56:54 /
2016.06.01 odroos ehleed nisne
hi 
/ 2016-02-27 13:34:11 /
yu gej bgaan boloo? Hezeenees niseh ve heleed ogooch
bahit  
/ 2016-02-27 13:05:06 /
Bilet 109000tenge gesen unen uuu
даваа 
/ 2016-02-26 21:14:07 /
Оо ашгуй дээ. Билет хэр унэтэй болох бол. .Бишкек огохгуй боллоо.
/ 2016-02-26 14:21:10 /
egerde iske assa jaksi bolar edi !