Парламентке кімдер атын ұсынады?

2016 Жыл 02 айдың 24 күні

KAZNEWS - Моңғолия Парламент сайлауы 28 маусымға белгіленіп отыр. Бұл саяси науқанға Баян-Өлгий аймағынан қай партиядан, кімдер атын ұсынатынын Medee.mn болжап отыр.

Әзірге Баян-Өлгий аймағында Демократиялық партия мен Моңғолдың Халық партиясынан сегіз адамның есімі болжанып отыр. 

  Олар, Моңғолдың Халық партиясынан Парламент мүшесі Ә.Тілейхан, экс мүше Қ.Бәделхан, Ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп тете министрі болған Ж.Сәуле және Моңғолдың Халық партиясының аймақтық комитет басшысы Қ.Солтан қатарлылар. Оларды саясатта «ескілер» деп те атайды екен. Кей мәліметтерде Баян-Өлгийде Моңғолдың Халық партиясынан жоғарыда аты аталған азаматтар ғана сайлауға қатысады делінеді. Бұлардың ішінде мүмкіндігі жоғары адам ретінде Ж.Сәуле аталады. Өйткені А.Тілейхан аймағындағы жастарды Оңтүстік Кореяға жіберемін деген уәдесін орындай алмаған. Сондықтан Халық партиясындағы аз ғана әйелдердің бірі, және партия ішінде рейтингі жоғары саналатын Ж.Сәуле А.Тілейханға басты бәсекелес болмақ. Ал, аймақ жұртшылығы Өнеркәсіп тете министрі қызметін бірнеше ай атқарған Қ.Бәделханды 2004 жылғы Парламентке сайлауға түскен кезде берген уәдесін орындаған жоқ деп отыр.

   Сонымен бірге, демократиялық партиядан алдағы сайлауға қазіргі Парламент мүшесі, Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитет төрағасы А.Бәкей, Жол транспорт тете министрі Қ.Ержан, Баян-Өлгий аймағының әкімі Қ.Дәрмен және құрылтай төрағасы Б.Лаззатхан атын ұсынады деген жорамал бар. Бұлардың ішінде Баян-Өлгийден А.Бәкейдің мүмкіндігі жоғары көрінеді. Өйткені оның төрағалық еткен комитетінің атқарған шаруалары аз емес. Баян-Өлгий аймағының әкімі Қ.Дәрмен 2012 жылдан бері аймақ әкімі қызметін атқарып келеді.

Сонымен, алдағы Парламентте кімді көргіміз келеді? 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 14
2016 
/ 2016-03-09 10:45:19 /
DERBES DAYIS BERETINDER BARMA SONI KOLDAIM.JESE SOL JESIN
Kaznews 
/ 2016-03-03 22:29:14 /
Өкиш, ағасы мұнда сілтеме беріліп отыр ғой. Мэдээ.мн жазған деп. БАҚ -тың этикасын ұстанамыз.
Өкиш 
/ 2016-03-03 21:08:02 /
Демократияа партияасынын жагын жактап жазганын не баурым.бунын болмаит.Ал Бакей не стеди ержан не истепти.Дармен мен Лазатхан УИХ турмак бурынгы жумыстарына да бара алмайт.Өлгийди Бакей мен Манкей куртты емеспе
Indira  
/ 2016-03-03 01:45:09 /
Sailauga katysyp jatsam arine Bakei agaidy koldaimyn.Bul kisi menin gylymi jetekshim ari aripteste bolyp korgem.Bilimi ote jogary, ote tiyanakty adam adamgershiligide ote jaksy adamdar keide ana mina deidi goi arine barlyk adamdarga birdei jagu mumkin emes goi. Osy Ulgii kazaktaryna jagu ote kiyn da keide kkk endi min takkanda aldyga jan salmaidy, bar jogy 80min gana kazakh aiteu partiya ushin nebir sorakylykka baryp jatady. Wndi aldagy sailaudy bereke birlikpen orkizse goi
zamanbek 
/ 2016-02-27 19:43:29 /
lazathan agamzdi holdauga bolatn adam ol ksnin adamgerwilg ote zor halhtn okmettegi jauapti depudati bola alat dp oilaim
Қонақ 
/ 2016-02-26 22:19:02 /
Жастардан кім атын ұсынса соны қолдаймыз жас адам жоқ ба??
Конак 
/ 2016-02-26 21:05:17 /
Ерлердин ишинде жүрген жалгыз кызды колдайык
erka 
/ 2016-02-26 09:55:48 /
Bakei agani holdaimiz
Тилейхан 
/ 2016-02-25 11:30:57 /
Мен озимди колдаймын
Ерлан 
/ 2016-02-25 11:12:05 /
Тiлейхан аганы холдаймын, басгадарынада саттiлiк тлеймiн!
Қонақ 
/ 2016-02-25 01:25:22 /
Бакей ағаны қолдау керек көп нарсе істеп жатыр басқадарын білмедім!!!
Сайлаушы 
/ 2016-02-24 17:57:23 /
Сайлауға таяған кезде азғана қазақ бірін бірі жамандаудан аулақ болайық ағайын. Онсыз да кімнің кім екенін xалық көпшілік біліп отыр,
Қонақ 
/ 2016-02-24 17:36:38 /
Бір Алла біледі ғой. Ағайын партияға бөлініп бет жырыспайық. Кім шықса да қазаққа пайдасы тисе болды.
Бек 
/ 2016-02-24 17:34:07 /
Тлейхан аганы холдаймын басгасына ештене айта алмайм