Цагааннуур экономикалық аймағы бүгінде шетелдің ірі компанияларының назарында

2016 Жыл 02 айдың 22 күні

KAZNEWS - Моңғол - Ресей шекарасында орналасқан экономикалық аймақтың бірі «Цагааннуур» бүгінде шетелдің ірі компанияларының назарында.

2015 жылы аймақ әкімінің өкімімен экономикалық аймақтың қызметін бастау жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл уақыттарда экономикалық аймақта кеден, мамандық бақылау, шетел азаматтарын тіркеу, шекералық әскери ұйымдар өз қызметтерін көрсетуге келіскен.


Экономикалық аймаққа бүгінде 17 компанияға өз жобаларын келтіріп, құны 21.6 миллиард төгргөг инвестиция құйу жоспарланған.

Және де Ресей, ҚХР, Канада, Қазақстан Республикасынан 10 ға жуық компания инвестиция еңгізуге ниетті.


«Цагааннуур» экономикалық аймақты құрудағы негізгі мақсат шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысын одан әрі дамыта түсу. Жобаның негізгі мақсаттары экономиканың әртүрлі салаларын дамыту, аймақтардың тез қарқынмен дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға, инвесторларды тартуға, бәсекеге төтеп бере алатын жаңа технологиямен жабдықталған өндіріс орындарына мүмкіндік беру. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Kazah 
/ 2016-02-23 16:48:21 /
Jahsigoi olgeidin bashilarii osai njahsii justasa olgeidin ekonamikasi jahsadi halikttin trwlgii jahsarip olgii jahsii turdee damittinina senimdimin Resei Kazakhstan elderine birlesip koop ondrs olgeigee engzu hazett.?