Баян Есентаеваның 1000 доллары кімге бұйырды? - ФОТО/ВИДЕО

2016 Жыл 02 айдың 16 күні

Бір апта бұрын продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаева Инстаграмдағы оқырмандары арасында байқау ұйымдастырып, жеңген адамға 1000$ (ескі бағаммен) сыйақы беруге уәде еткен еді. Байқау шарты бойынша, қатысушылар ғаламторда жарияланған моңғол баласы орындаған әнді айна-қатесіз қайталауы тиіс болған.

Финал жақындағанда продюсер үздік шыққан екі үміткерді жариялап, жеңімпазды оқырмандарының даусы арқылы анықтайтынын айтты. Кейін екі үміткер де үздік болғанын айтып, сыйақыны тең бөліп беруді жөн көрді. Осылайша 180 000 теңгені @bekzhomie жəне @zhuli_jan аккаунт иегерлері - Бекжан Сауырбаев (видео) пен Арсен Тахан (видео) есімді ұл бала бөліп алатын болды.

«Мен өз дауысымда оң жақта тұрған жігітке берер едім, алайда кішкене бала өзінің жасына қарамастан әнді өте шеберлікпен айтып шықты. Байқау шартының оңай емес екенін ескере отыра, мен жүлдені тең бөлгенді жөн көрдім. Құттықтаймын!!!», - деп жазды продюсер өз парақшасында.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0