Н.Айшолпан мультфильм кейіпкеріне айналады

2016 Жыл 02 айдың 03 күні

KAZNEWS - Sony Pictures Classics компаниясы бүркітші қарындасымыз Айшолпан Нурғайыпқызы туралы түсірілген «The Eagle Huntress» фильмін Оңтүстік және Латын Америка, Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Скандинавия (Швеция, Норвегия, Дания) елдері мен Азия нарығына көрсету құқығын сатып алғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Олай болса, әлемнің бірқатар компаниялары Н.Айшолпан туралы мультфильм жасауға ниет білдіріп отыр. Мультфильмде Н.Айшолпанның дауысын «Жұлдыздар соғысы» фильмі арқылы танымал болған актриса Дейзи Ридли келтірмек.

Кейіпкердің дауысын келтіру үшін Дейзи Ридли көп кешікпей келісім шартқа отырады.

Осыдан екі жыл бұрын ағылшынның Daily Mail басылымында «Алтын қыз: Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі - құсбегілік өнерін игерген он үш жасар жалғыз қыз» деген тақырыппен мақала жарияланған. Кейін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан Ogilvy Entertainment студиясы Н.Айшолпан туралы «Айшолпаның өмірі» атты деректі фильм жасауға кіріскен болатын. Н.Айшолпанның дүниежүзіне танымал болуына Asher Svidensky себепкер болған.

Е.Гүлжан

Photo:  GettyImages

Illustration: Tumblr.com



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
snsn 
/ 2016-02-04 22:57:45 /
goy bid nar iim l undesten bahargaj bna shuu duugeree
SS 
/ 2016-02-04 13:45:45 /
Sain bna shde, aisholpan duudee amjilt husey ee! haha.. yu bichij bgaag min oilgoj bna uu dostarim eeey? haha